• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2018

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысына келді

322 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс депутаттары Г.Бижанова, В.Қайназаров, К.Мұсырман, Б.Смағұл Жамбыл ауданы Аса ауылында болып, аудан жастарымен кездесті.

Жолдау туралы ой бөлісіп, пікір алмасу мақсатында өткен кездесуде Мәжілісмендер «Бастау – бизнес», «Қол жетімді баспана «7­-20-­25» бағдарламалары туралы кеңінен тоқталып өтті. Өз кезегінде аудан жастары ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушылардың қысқаруы мүмкін екеніне алаңдайтынын жеткізіп, өздерін толғандыратын өзге де мәселелерді көтерсе, Жамбыл облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Б.Далабаев жастар арасындағы әлсіз топқа жататын азаматтар ерекше қолдауды қажет ететінін айтты. Барлық сұраққа сол жерде жан­жақты жауап берген Мәжіліс депутаттары айтылған ұсыныстарды назарға алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Мойынқұм, Қордай, Шу аудандарында да болды.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы