• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Қазан, 2018

Бүгін әлемдегі ең биік мүсіннің ашылуы өтеді

513 рет
көрсетілді

Үндістанның негізін қалаушылардың бірі – Сардар Валлабхай Пательдің әлемдегі ең биік мүсінінің ашылу рәсімі бүгін Гуджарат штатында өтеді, деп хабарлайды EURONEWS.

«Темір адам» атанған Сардар Патель тәуелсіздік алғаннан кейін 500-ге жуық князьдікті интеграциялауда маңызды рөл атқарды.

Темір мен қоладан жасалған, биіктігі 182 м-ге жететін мүсін Америкадағы «Бостандық» мүсінінен екі есе биік.

Оны жасауға 420 миллион доллар қаражат кеткен. Ол бұрынғы рекордты бұзып, әлемдегі ең биік мүсінге айналады.