Ауғанстан армиясы тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан шамамен 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды EURONEWS.
Тікұшақ таңертең Анар-Дара қаласының маңында, талибан қозғалысының бақылауындағы аумақта құлап кетті.
Борттағы жолаушылар арасында әскери шенеуніктер мен провинция кеңесінің мүшелері, сонымен қатар оның басшысы болған. Апат себептері анықталуда.