• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2018

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа мүмкіндіктері

668 рет
көрсетілді

Алматы қалалық  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қаласында тіркелген әрі аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында көрсетілетін көмек түрлері жайында кеңінен мағұлмат алып, дер кезінде хабардар болып отыруға шақырады.

Осы орайда  Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары Айнұр Мұқажанова көрсетілетін 14 көмек түріне тоқталып, басқарма тарапынан атқарылып отырған бірқатар шараларға атап өтті.

Мемлекет Басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  –  жаңа нұсқада көрсетіледі.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын (Алматы қаласы бойынша 15 919 теңгені құрайды) азаматтарға жаңа нысандағы АӘК көрсетіледі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің  50 пайызын құрайды және әр тоқсанға есептеледі. Биылғы жылдың IV тоқсанына күнкөріс деңгейінің көлемі 31 838 теңгені құрайды.

АӘК  шартсыз және шартты ақшалай екі түрі қарастырылған.

АӘК-ті тағайындау үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш білдіру қажет. Мұнда өтініш білдірушіге түсініктеме беріп, қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсынады. 

АӘК-ті ресімдеу үшін өтініш беруші белгіленген үлгіде өтініш береді және мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:

отбасы құрамы туралы мәліметтер;

адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;

жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;

өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Ағымдағы  жылдың 9 айында 491 отбасына (2 387 адамға) 100 млн теңге мөлшерінде АӘК тағайындалған. Оның ішіндегі 54 жұмыссыздың 50-і тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 4-уі кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.

АӘК бағдарламасы шегінде аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі, жұмысқа орналастыру мақсатында тегін кәсіптік оқыту мен қайта оқыту және бизнес-жобаларын жүргізіп жүрген немесе жоспарлап жүрген жұмыссыздар үшін шағын несие алу мүмкіндігі бар.

АӘК-тің осындай қолдау түрлері аз қамтылған отбасыларға материалдық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді, оның нәтижесінде отбасының табысы тұрақталады, еңбек нарығында бейімделу мүмкіндігі пайда болады.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы Мұратбек Сейнасиновтың айтуынша, қала тұрғындарын цифрлік эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшіру мақсатында цифрлық телерадио сигналын қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге орай мақсатында  ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №677 қаулысына сәйкес телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету (жеткізу және орнату) керектігі айтылған. Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады әрі бірге тұратын отбасының басқа мүшелеріне берілмейді.

Бүгінгі таңда, атаулы әлеуметтік көмек 491 отбасына тағайындалған, оның ішінде 133-іне жалғамалар орнатылған.

Жалғамаларды алу үшін тіркелген тұрғылықты мекен-жайы бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдеріне келесі мекен-жайларға өтініш білдіруге болады.

Алатау ауданы: Шаңырақ  2-ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26 үй, тел.: 3953605;

Алмалы ауданы: Сейфуллин даңғылы, 577, тел.:261-02-81;

Әуезов ауданы: 3-ықшамаудан, Абай даңғылы, 41-а, тел.: 276-49-92;

Бостандық ауданы: Жандосов көшесі, 2 үй, тел.: 392-22-95;

Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі, 142 үй, тел.:279-37-72;

Медеу ауданы: Төле би көшесі, 12 үй, тел.: 291-06-65;

Наурызбай ауданы: Қалқаман ықшамауданы, 24 үй, тел.: 383-55-82;

Түрксіб ауданы: Рихард Зорге көшесі, 18 үй, тел.: 234-93-15.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ