• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2018

Қауіпсіздікті нығайту бағытындағы қадам

426 рет
көрсетілді

Алматыда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің төрағалық етуімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери құрамдас бөлігін дамыту мәселелері бойынша ҰҚШҰ әскери комитетінің 13-ші отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар Ор­та­­­­лық Азия аймағында әскери қауіп­сіздіктің қауіп-қатерлерінің си­паты, сондай-ақ оларға қарсы іс-қимыл бойынша пікір алмасты. 

Сонымен қатар ұжымдық қа­уіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру, Ұжым­дық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы ұжым­дық қауіп­сіз­дігінің күштері және жүйе құ­ралдарының тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету үшін материалдық құрал­дар қорын жасақтау, тәжік-ауған ­шек­а­ра­сында шиеленісті азайту­ға ба­ғытталған шаралар әзірлеу туралы әрі қарайғы жұмыстың бағыттары айқындалды. 

– Ұсынымдарды әзірлей отырып, ұжымдық қауіпсіздіктің өңір­­­­­лердегі әскери-саяси жағ­дай­дың мониторингі мен талдауы жал­ғас­тырылатын болады. 2020 жылға дейінгі кезеңге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әс­кери ынты­мақ­тастығын дамытудың негізгі ба­ғыттарын іске асыру жөнін­дегі жос­­пардың орындалу барысы тура­лы ақпарат тың­далды. Қарас­ты­рыл­­ған мәсе­лелер біз үшін бас­ты мақ­­сат – Ұйымға мүше мем­ле­кет­тер­­дің ұжым­дық қауіп­сіздігі мен тұ­­рақ­­­тылығын нығайтуға негіз бо­ла­ды. Әскери комитеттің кезекті оты­­­­рысы 2019 жылдың бірінші жар­­ты­­жылдығында Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сында өтеді, – деді Әс­кери комитет төрағасы, Қорғаныс министрінің бі­рінші орынбасары – Қазақстан Қа­­рулы Күштері Бас штабының бас­ты­­ғы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев. 

Отырыс қорытындысы бо­йынша ҰҚШҰ-ға мүше мемле­кеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»