• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2018

Қысқа әзірлік ойдағыдай

396 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қарулы Күштерінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөнінде ұйымдастыру жұмыстары өткізілуде. 

Қысқа әзірлік жұмыстарын ұйымдастыру аясында әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетіп, қару-жарақтың жай-күйін тексертіп, анықталған ақаулықтарды жоюға тура келеді. Құрамалар мен бөлімдерде бар­лық санаттағы әскери қызмет­шілерм­ен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыс­тарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс істеу кезінде қа­уіпсіздік шараларын сақтау жөнінде көрсетілімді сабақтар өткізілді.

Бар­лық әскери бөлімдері мен бөлім­ше­лері алдын ала қажетті қосалқы бөл­шектермен, аспаппен және жанар-жағармайдың барлық түрле­рімен қамтамасыз етілді. Енді арнайы белгіленген уақытта әскери қызметшілерге төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгілеу элемент­тері мен тозығы жеткен резеңке тех­никалық бұйымдарды, май мен май­лағыштарды ауыстыру, то­раптар мен механизмдерді ретке кел­тіріп, жөндеу қажет. Әрбір жауынгерлік машиналар паркінің аумағын тиісті жөнге келтіріп, сақтау орындарының, парктік үй-жайлардың ағымдағы жөндеуін жүргізу, өндірістік жабдыққа қызмет көрсету де маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Сол себепті маусымдық жұмыстарды жүргізу кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердің техни­калық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған комиссия Алматы, Қапшағай және Гвардейск гарнизондары әскери бө­лім­дері мен құрамалары нысан­да­ры­ның қысқы кезеңге әзірлігін тексерді.

Жұмыс сапары барысында ко­миссия әскери бөлімдер мен құра­малардың оқу-материалдық база­сының жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың қысқы пайдалану режіміне көшірілу сапасын, қару-жарақ пен әскери техника­ның, байланыс құралдарының сақталу шарттарын және өртке қарсы қауіпсіздікті тексерді. Сон­дай-ақ аталған гарнизондардың әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің қорытынды тек­серісті тапсыруының бақы­лануы жүзеге асырылды және бітім­гер­шілік ротасының дайындығы тек­серілді. Сапар қорытындысы бойынша Бас штаб бастығы әскери бөлімдер мен құрамалардың қол­басшылығына әскерлердің жа­уынгерлік әзірлігін арттыру мәселелері бойынша нақты бағыт­тарды айқындап берді.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»