• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2018

Алматыда «барахолка» қоймалары отқа оранды

325 рет
көрсетілді

Алматыда «барахолка» базары маңы қою қара түтінге көмілді.

Қалалық ТЖД  баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі  7 мекенжайындағы ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минутта жетті. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

«Оқиға орнында 21 техника, 6 өрт сөндіру көлігі, 78 адам, жұмылдырылды. Өрт 15:05-те ауыздықталды. Тілсіз жау 2950 шаршы метр аумақты шарпыды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. Алдын ала ақпарат бойынша өртенген ғимаратта қоймалар орналасқан.