• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2018

Мемлекеттік хатшы 25 жылдыққа арналған халықаралық конференцияға қатысты

139 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстандағы сайлау жүйесінің 25 жылдығына арналған «Сайлаудағы заманауи технологиялардың рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шараға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Има­шев, Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағ­дарламалар офисінің басшысы Д.Сабо, Парламент депутат­тары, мемлекеттік органдар­дың, Достастық елдері Пар­ла­мент­аралық ассамблеясының өкіл­дері, Түркия, Корея, Үндістан, Латвия, Литва, ТМД елдері және басқа да мемлекеттердің сайлау комиссияларының жетекшілері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты.

Конференцияда Қазақ­стан­ның және өзге де елдердің жаһандану жағдайындағы сайлау жүйесінің өзекті мәселелері талқыланып, заманауи сайлау технология­ларын қолдану тә­жірибелері қарастырылды, сон­дай-ақ сайлау үдерісі сала­сындағы халықаралық ынтымақ­тастықтың жаңа формалары мен тетіктері ұсынылды.

Гүлшара Әбдіқалықова кон­ференцияға қатысушыларға Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың құттықтауын оқып берді. Онда: «Тәуелсіздік алған сәт­тен бас­тап еліміз мемлекеттік және саяси құрылымын жетіл­діре отырып, жүйелі реформа­лар жолымен келе жатыр. Қазақ­стан сайлау құқығы мен сайлау­ды ұйымдастыру ісіндегі халық­аралық жоғары стандарттарды берік ұстана отырып, осы саладағы жаһандық ынты­мақ­тастықтың бел­сенді жақтау­шысы болып саналады. Бүгінде сайлау үдерісінде мем­лекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, кәсіби құзыреті мен қоғамның оларға деген сенімін арттыруға ықпал ететін жаңа технологияларды енгізуге айрықша мән берілуде», – делінген.

Конференция аясында «Қа­зақ­станның сайлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-құжаттамалық негіздері» атты көрме өтті. Онда ел аума­ғында XV ғасырдан қазіргі уақыт­қа дейінгі түрлі тарихи кезең­дердегі сайлау жүйелерінің қалып­тасу және даму тарихы көрсетілген.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»