• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Тәрбие 05 Қараша, 2018

Ақтөбе облысының белсенді оқушылары «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жиынына қатысты

691 рет
көрсетілді

Ақтөбеде облыстың белсенді оқушылары «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жиынында бас қосты.

Ерте жастан сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау және қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 250 тәлім-тәрбие алатын жас жеткіншектер қатысты.

Қатысушылар қатарында сондай-ақ, Ақтөбе облысына іс сапармен келген  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Арман Бердалин және қоғам қайраткері, республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі Алдан Менкеев те болды.

2 бөліктен тұратын шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдарға қатысып, өлең оқып, патриоттық әндер орындады.

«Қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес. Осы үрдіске жас ұрпақты тарту, болашақ мамандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға деген сенімділік береді», - деді Ақтөбе облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Бүгінгі күні облыста 35 мыңға жуық мектеп оқушыларынан құралған 384 «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Клубтар ерікті түрде құрылған.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған байқаулардың жеңімпаздары мен белсенділерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»