• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2018

Шығыс Қазақстанда жас сарбаздар әскери өмірге бейімделіп жатыр

394 рет
көрсетілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөліміне еліміздің әр өңірлерінен әскери қызметке шақырылған жас сарбаздар лайықты деңгейде бейімделу кезеңінен өтуде. Әскери бөлім басшылығы мен жас сарбаздар жиынының әкімшілік құрамы жас сарбаздарды пойыздан түскеннен вокзалда әскери оркестрмен және қолдау тобымен күтіп алуды дәстүрге айналдырған.

«Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша ҚР ҚК ардагерлері және әйел әскери қызметшілер мен отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің қызметкерлері де жас сарбаздардың әскери өмірге бейімделуіне үлкен үлес қосуда. Атап айтқанда, бөлім командирінің нұсқауымен сарбаздардың моральдық-іскерлік, әскери қызметке дейінгі отбасылық және тұрмыстық жағдайларын зерделеуге жұмылдырылып, әңгімелесу кезінде ата-аналарына қоңырау шалып, балаларының үнемі қамқорлықта екенін жеткізуде.

2018 жылғы 1 қарашадағы іс-шараға ШҚО бойынша ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Төкен Біләлов пен Ауған соғысының қатысушысы, зейнеттегі прапорщик Татьяна Кулиштің жас сарбаздардың жоспарлы кездесуі өтті.

«Кездесуде ардагерлер жас сарбаздарға Отанға адал қызмет ету басты міндеттері екендігін баса айтып, алдағы әскери ант қабылдау мерекесінде тағы да олармен және ата-аналарымен кездесетіндерін жеткізсе, курсант Никита Богомолов кездесуден алған әсері мен өзіне деген сенімділікті аңғартып, 2018 жылдың 2 шақырылымындағы жас сарбаздар атынан ардагерлерге алғысын жеткізді», - дейді 27943 әскери бөлімінің идеологиялық жұмыстар, арнайы насихат және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша аға офицері, капитан Нұржан Малғаждаров.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен