• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2018

Атырау әкімі қарамағындағыларға «ескі қаланы» сүру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

472 рет
көрсетілді

«Ескі қала»  аумағында орналасқан үйлердің тұрғындарына өтемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 1 млрд 200  мың теңге бөлінді, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 5 қарашада,  Атырау  қаласының әкімі  Алимұхаммед  Құттұмұратұлы аппарат жиналысы барысында қарамағындағыларға құрылыс бастау үшін «ескі қала» аумағында орналасқан  үйлерді сүру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

- Алдағы жылдың наурыз айынан бастап әлеуметтік нысандар салу үшін бұл аумақты босатуымыз керек. Сол үшін тұрғындармен кездесіп, өтемақы төлеу шарттарын түсіндіру, өтемақы сомасына келіспеген тұрғындарды көшіру жұмыстарын күшейту қажет, - деді қала басшысы.

Айта кетсек, «ескі қала»  аумағында сүрілуі тиіс ауданы  18 га  269 үй бар. Қазір соның 223-і  тәуелсіз бағалаудан өтті,  73  үйдің тұрғындарына жаңа үй алу үшін  өтемақы төленді. Көшіруге келіскен үй тұрғындары 2019 жылдың басында жаңадан салынып жатқан Береке ықшамауданынан баспаналы болады.

Еске сала кетсек, Атыраудың даму бас жоспары бойынша 2030  жылға қарай қала тұрғындарының  саны 350  мың адамға дейін өседі деп күтілуде, ал  облыс орталығының ауданы 3  есеге ұлғайып, 46  мың га болмақ.

Әлеуметтік инфрақұрылымның қалыпты болуы үшін 2030 жылға қарай қосымша 83 балабақша, 45 мектеп, 20 емхана, 5 аурухана, 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 3 мәдениет  үйі  салынады.