9-11 қараша аралығында Ташкентте дзюдодан Гран-при додасы өтеді. Бұл жарыста 48 мемлекеттен келген 400-ге жуық балуан бақ сынайды деп күтілуде.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Өзбекстанның астанасында 13 шәкіртін белдестіруді жөн көрді. Солардың арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов (66 кило), Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза (81 кило), сол жарыстың күміс жүлдегері Ислам Бозбаев, бірқатар халықаралық және құрлықтық деңгейдегі бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген Жансай Смағұлов (73 кило) пен Әзиз Қалқаманұлы (90 кило) сынды саңлақтар бар.
Сондай-ақ осы додада Бауыржан Жауынтаев (60 кило), Гұмар Қырғызбаев (66 кило), Ақылбек Серік (73 кило), Қажымұкан Өтеулиев (81 кило), Әділхан Қозыбаев пен Айбек Серікбаев (100 кило) және Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) да өнер көрсетеді.
Әйелдер сайысында сегіз спортшымыз белдеседі. Басты үмітіміз – Отгонцецег Галбадрах (48 кило). Олимпия ойындары мен әлем чемпионатында жүлде алған Қазақстанның атақты дзюдошысы жуырда ғана Әбу-Дабиде өткен турнирден құралақан оралған болатын. Енді Ташкенттің төрінде Галбадрах ел сенімін ақтауға тиіс. Сонымен қатар, Гран-при жарысында Салтанат Сұлтанбекова (48 кило), Севара Нышанбаева мен Анна Казюлина (57 кило), Иоланта Бердібекова (63 кило), Аэлита Щербакова мен Ажар Салықова (70 кило) және Зарина Райфова (78 кило)
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»