• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Қараша, 2018

Инвесторларға тиімді ұсыныс

756 рет
көрсетілді

Халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың назарын аудару үшін ел Үкіметі Қаржы министрлігі арқылы еуромен белгіленген құнды қағаздарды нарыққа шығарды.

Инвесторлар еурооблигация­ларды сатып алу үшін өтінімді «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында жүзеге асырып жатыр. Еуробондқа құн­ды қағаздар шығару арқылы Еуро­падағы қалталы инвесторлар­ды «Астана» халықаралық қар­жы орталығының биржасына мүшелікке қабылдап, Орта­лық Азиядағы ірі, сенімді қар­жы­лық құрылымға айналу көз­дел­ген. Нарыққа шыққан құнды қағаздардың құны – 525 млн еуро. Бұл облигациялар ал­дағы 10 жылға 2,375 пайыз мөл­шер­ле­ме­мен шығарылып отыр. Атал­ған пайыздық мөлшерлеме инвес­торлардың оң жамбасына ке­летін тиімді ұсыныс бол­мақ. Себебі өзге ірі қаржы орта­лықтарындағы пайыздық мөл­шер­леме – 1-2 пайыз шамасын­да. Қазақстан нарығына арнал­ған шы­ғарылымның ұйымдас­ты­ру­шысы – ВCC Invest. Айта кетер­лігі, Қазақстан әлемнің құнды қағаздар нарығына соңғы рет 2015 жылы шыққан екен. 

− Еурооблигацияларды орна­лас­тыруға арналған платформа ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы таң­дап алынғаны Үкіметтің жаңа биржа алаңына деген сенімділігін растайды, сонымен қатар банктер мен брокерлік компанияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасының қаты­сушысы атануға ынталандырады. Облигацияларды шығару, әсіресе ағымдық нарық конъюнктурасы жағдайында капиталдың негізгі көзі болып саналады. АХҚО  осы сег­ментті дамытудың негізгі құрау­шысы. Біз халықаралық стан­дарттарға сай келетін эми­тенттер үшін платформа ұсына­мыз,­ сондай-ақ жергілікті және де ха­лықаралық инвесторлар үшін әртүрлі нұсқаларды ұсына­мыз, – деді «Астана» халықара­лық қаржы орталығы Биржа бас­қар­масының төрағасы Тимоти Беннетт.

Бүгінде AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда ала­ңын ұсынып отырған NASDAQ бар. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»