• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2018

Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді

773 рет
көрсетілді

Жанарынан айырылған. Бұл сөзді есту қандай ауыр болса, осы бейнетпен күн кешу одан бетер қиын-ау. Десе де, тағдырдың тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, қоғамдағы өз орындарын орнықты көрсете білген жандар қашан да құрметке лайық.

Аягөз ауданында 2011 жылы құрылған «Қазақ зағиптар қоғамының» бастауыш ұйымының бүгінде 60-тан астам мүшесі бар. 13 қараша – Зағиптар күні қарсаңында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет сарайында мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов құттықтау лебізін білдіріп, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан зағип жандарға аудан әкімі Бақытжан Байахметовтың Алғыс хаттарын табыс етті.

Айта кетейік, мереке қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер «Арғын» сауда үйінің басшысы М.Күзетаев пен «Құрманбай» сауда үйінің басшысы Е.Құрманғожанов 60 азаматқа азық-түлік себеттерін тарту еткен болатын. «Өте қуаныштымын. Бізді елеп-ескергендеріңізге рахмет. Қандай жағдай болмасын алға басу керек. Міне, жемісін көріп отырмыз. Сіздердің барлықтарыңызға рахмет айтамын»,- дейді Аягөз ауданы бойынша «Қазақ зағиптар қоғамының» төрайымы Құралай Елшібекова.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы