• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2012

Футболдан 2011 жылдың үздіктері жарияланды

225 рет
көрсетілді

Футболдан 2011 жылдың үздіктері жарияланды

Футбол әлемі де 2011 жылды қорытындылауды жалғастыруда. Әр ел өзінің мықты аяқтопшыларын таңдауда. Біздің еліміздің де үздігі анықталды. Ол – Ұлан Қонысбаев. Осы орайда бірнеше елдердің үздіктері жарияланды.

 

Футбол әлемі де 2011 жылды қорытындылауды жалғастыруда. Әр ел өзінің мықты аяқтопшыларын таңдауда. Біздің еліміздің де үздігі анықталды. Ол – Ұлан Қонысбаев. Осы орайда бірнеше елдердің үздіктері жарияланды.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, ағылшындық «Манчестер Сити» командасының намысын қорғайтын Яя Туре 2011 жылғы Африка құрлығының үздік ойыншысы атанды. Кот-Д-Ивуар құрамасының жартылай қорғаушысы бұл атаққа Гана астанасы Аккра қаласында өткен салтанатты жиында ие болды.

Сонымен, жылдың үздік бас бапкері атағын Нигерия құрамасының жаттықтыратын Харуна Доула иемденсе, Ботсвана құрамасы ең үздік команда атанды.

Өзбекстан құрамасының ойыншысы – Сервер Джепаров – Азия құрлығының 2011 жылғы ең үздік ойыншысына берілетін марапатқа ие болды. Осымен Сервер екінші мәрте Азияда үздік деп танылып отыр. 29 жастағы жартылай қорғаушы бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінің «Әль-Шабаб» командасында өнер көрсетеді.

Шотландиялық «Рейнджерс» сапында өнер көрсететін Мэтт Маккэй Австралия құрлығының 2011 жылғы үздік ойыншысы атанды. Бұл таласта 28 жасар жартылай қорғаушы 329 ұпаймен «АЗ» ойыншысы Брет Холмэн (194 ұпай), «Эвертон» жартылай қорғаушысы Тим Кэйхилді (185) артқа тастаған.

“France Football” журналы мадридтік «Реалдың» орталық шабуылшысы Кәрім Бенземаны 2011 жылғы үш жолақтылардың үздік ойыншысы деп таныды. Тілшілер мен футбол мамандарының дауыс беру қорытындысы бойынша Кәрім каталониялық «Барсаның» қорғаушысы Эрик Абидальдан озып шығыпты.

Туриндік «Ювентус» командасының орталық шабуылшысы Мирко Вучинич Черногорияның 2011 жылғы ең үздік ойыншы деп танылды.

Мюнхендік «Баварияның» сенімін ақтап жүрген, жас жартылай қорғаушы Давид Алаба 2011 жылғы Австрия елінің мықты ойыншысы атағына ие болды. Бұл тартыста 19 жасар «Аустрия» ойыншысы Насер Бараците және «Штутгарт» шабуылшысы Мартин Харникті артта қалдырыпты.

Италиялық «Миланның» орталық шабуылшысы Златан Ибрагимович алтыншы рет Швецияның үздік ойыншысы атанып, жаңа рекордтық көрсеткіш көрсетті.

Өз кезегінде Швеция біріншілігінің үздік ойыншысы деп «Хельсинборг» жартылай қорғаушысы Мэй Малангу танылса, үздік легионер атағын «АИК» орталық қорғаушысы Александр Милошевич иеленді.

Лондондық «Челси» командасының бағанасын күзетуші Петр Чех осымен алтыншы мәрте Чехияның үздік ойыншысы атағына лайық болып табылды.

Нидерландының «ПСВ» ұжымының жартылай қорғаушысы Балош Джуджак Венгрияның үздік ойыншысы атанды. Венгрия футбол қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, Джуджак 142 дауыспен «Фулхэм» жартылай қорғаушысы Золтан Гераны (88 дауыс) артта қалдырды.

Дортмундық «Боруссияның» орталық шабуылшысы Роберт Левандовски Piłka Nożna журналы және Польша Футбол Федерациясының дауыс беру қорытындысы бойынша 2011 жылдың үздік ойыншысы деп танылды. Ал, «Жыл жаңалығы» ретінде «Арсеналдың» жас қақпашысы Войцех Щесны иемденді, «Жыл командасы» «Легияға» бұйырды, үздік бапкер атағын Мацей Скоржа өзімен алып кетті.

ҚазАқпарат