• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қараша, 2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

320 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы консулдық консультациялардың сегізінші отырысына қатысты, СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал ирандық делегацияны Иран Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Әли Асғар Мохаммади басқарды. Өткізілген іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, тараптар өзара консулдық-құқықтық және визалық қатынастар, оның ішінде екі ел аумақтарындағы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін жан-жақты талқылады. Қазақстандық көлік компанияларының жүргізушілеріне әр жолы 30 күндік мерзіммен болу құқығы бар 1 жылдық визаларды беру туралы келісті.

Қазақстан мен Иран арасындағы консулдық консультациялардың сегізінші отырысының екі күндік жұмысы нәтижесінде тараптар тиісті Хаттамаға қол қойды.