• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 16:45

«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады

30 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында «Қаражанбасмұнай» компаниясының бірқатар қызметкері облыс әкімдігі алдына жиналып, Президентке бейнеүндеу жолдады. Бұған олардың еңбек жағдайына қатысты наразылығы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

lada.kz-тің жазуынша жұмысшылар бірнеше жылдан бері компанияда еңбек етіп келе жатқанымен, ресми түрде штатқа қабылданбаған. Сол себепті негізгі қызметкерлермен бірдей жұмыс атқарса да, еңбек шарттары мен әлеуметтік кепілдіктері тең емес.

Қызметкерлер бастапқыда аутсорсинг арқылы жұмысқа алынғанын, кейін штатқа өткіземіз деген уәде берілгенін айтады. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Осыған байланысты ұжым Мемлекет басшысының атына бейнеүндеу әзірлеп, өз мәселелеріне назар аударуды сұрады. Негізгі талап – оларды компания штатына заңды түрде қабылдау мәселесін түбегейлі шешу.

Соңғы жаңалықтар