• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қараша, 2018

Зайнидин ҚҰРМАНОВ: Назарбаев батыл реформалар жасады

345 рет
көрсетілді

Орталық Азияның көшпелі ха­лық­тары үшін «реформация» және «реформатор» деген ұғымдар бей­таныс әрі бөтендеу түсінік еді. Мұнда тіршіліктің дәстүрлі, бұл­жы­мас ырғағы мыңдаған жыл­дарға дейін өзгеріссіз келді. Бұл үрдіс жаңа дәуір туып, көш­пе­лілер өмірі біртіндеп өзгере бас­тағанға дейін жалғасты. Бұл өзге­ріс социалистік жүйе мен құн­ды­лықтарға негізделген жаңа қоғам құруды мақсат еткен Ке­ңес өкіметінің ықпалымен жасал­ғаны белгілі. Ұжымдық рефор­ма­торлықтың тізгінін коммунис­тер партиясы өз қолына алды да, партия жетекшілері бұл шыр­ғада тек ұжымдық мақсаттың атқару­шылары дәрежесінде қалды. Олардың социализм құрылысына қосқан жеке үлестері тарихи процесті дамытудағы халықтың маңызды рөлі концепциясымен шектеліп, саясат сахнасына көрнекті тұлғалардың көтерілуі тек тарихи заңдылық ретінде ға­на қаралды. Бірақ ХХ ғасырдың ая­ғында КСРО мен коммунистік блоктың құлау процесі бұрынғы кеңестік республикалар мен халық­тың тағдырын республикалар басшылығындағы тұлғаларға тікелей табыстағаны сөзсіз. Пост­кеңестік қоғамның көрнекті реформаторларының қатарында қазір өз елін көп­те­ген кеңестік көр­ші­лерімен салыс­тырғанда даму­дың даңғыл жолы­на сәтті алып шыға алған Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Прези­денті Нұрсұл­тан Назарбаевтың есімі ата­лып жүр. Қазақстан ТМД ел­дері­нің ішінде халық табы­сы­ның өсу деңгейі бойынша Ресей Фе­де­­ра­ция­сынан кейінгі екінші орын­дағы ел.

Қарапайым еңбек адамының отбасынан шыққан Назарбаев инженерлік-техникалық білім алған соң барлық кеңестік лауазымдар баспалдағынан өткен­нен кейін ең жас кеңестік пре­мьер атанды. Ол кеңестік басшы­лардың қасаң саясаты мен консер­ва­тор­лығымен күресе жүріп, қайта құру дәуірінде өзін талантты жетекші ретінде көрсете білді, осының нәтижесінде алып кеңестік саясат олимпінің биігіне көтерілді. На­зар­баев үшін билікке барар жол соншалықты кедергісіз, әуел бас­тан дайындалып, шешіліп қойған еді деуге бола қоймас. Жан-жақты әлеуетті қарсыластарымен кү­ресте толық жеңіске жеткен соң Назар­баев күйреген өкімет билігін өз қолына шоғырландырды да, қоғам өмірінің барлық салаларында бірқатар батыл реформалар жасады, осының нәтижесінде әлем­дегі күшті, тәуелсіз, беделді қазақ мемлекетін құруда теңдессіз табыстарға қол жеткізді. 

Назарбаевқа түрлі көз­қа­растар тұрғысынан қарауға бола­ды: жақтастары оны бар­лық жағы­нан мадақтаса, қар­сы­ластары ол туралы әңгі­ме­лерді сан-саққа жүгіртіп, қатаң сынайды. Бұл орайда ол да барлық уақытта миллион­да­ған адамдардың назарында бол­ған ұлы тұлғалар тағ­ды­ры­нан қашып құтыла алмай­тын шығар... Александр Маке­дон­­ский, Гай Юлий Це­зарь, Ган­ни­бал, Наполеон, Ли Куан Ю, Мохатхир Мохаммед т.б. осы жолдан өтпеді ме. Ұлы тұл­­­ға­лар туралы дақпырттар, аңыз­дар мен әпсаналар өте көп бола­­ды. Ал қызықсыз тұлғалар төңі­­регінде мұндай әңгімелер айтыл­майды. Адамзат жаратылысы осындай. 

Саяси және реформаторлық қайраткерлігінен өзге Назарбаев әдебиетші, ғалым ретінде де танымал. Аса қарапайымдылығы мен айқындығының арқасын­да оның шығармалары саяси әдебиет классикасының қата­ры­на енді әрі қазақ тілін оқып-үйренуде кеңінен қолданылуда.

Назарбаев туралы көптеген кітаптар мен мақалалар жазған авторлардың барлығы да оның алымдылығын, инновация­лық әрекеттерге бейімділігін, күрт өз­герістерге тез икемделіп, со­ңы­нан дереу орындалуы тиіс ше­шімдерді жылдам қабылдай алатынын атап көрсетеді. Пре­зи­дент Назарбаевтың инже­нерлік, эксперименттік ойлау жүйесін, келешекті, қажетті шаралар модулін, идеяны көре білу қасиетін, халыққа түсі­нікті және қанаттандыра­тын мақ­саттар мен міндет­тер­ді жос­парлап, оны жүзеге асыру­ға қол жеткізе алатынын айрықша айта кету керек. Еуразиялық идеясы, қазақ­стандық даму жолын таң­дау, Астананы әлемдік өрке­ниеттер кіндігіне айналдыру, Азиядағы қауіпсіздік жүйе­­­сін құру, азиялық конти­нент­ті ядролық қарудан азат ай­мақ­қа айналдыру сияқты Назарбаев идеялары мен бастамалары адамзат идеалына, өз халқына адал қызмет етудің, әлемде бей­бітшілікті сақтаудың бірден бір рухтандырушы үлгісі болып табылмақ!

Зайнидин ҚҰРМАНОВ,

Қырғыз Жогорку Кенешінің экс-спикері,

тарих ғылымдарының докторы, профессор