• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2012

Дүбір

322 рет
көрсетілді

Дүбір

Жуырда Спорт және де­не­шынықтыру істері агент­­­тігі елі­міз­ден спорт­­­­тың 15 түрінен Олимпиада жолдамасын иеленген отандас­тары­мыз­дың есімдерін жариялады.

Мұнда Лондон Олимпиа­да­сы­­­ның ең көп лицензиясын алған спортшыларымыз – су добынан ерлер құрамасы болып отыр. Ко­манданың барлық ойыншыларын санағанда олар­дың еншісінде 13 жолдама бар. Жақында Жапо­ния­­­ның Чиба қаласында өткен Азия чемпионатында Сергей Дроздов жат­тықтыратын біздің ерлер құ­­ра­масы бірінші орын алып, Лондон Олимпиадасына берілетін жалқы жолдаманы иеленді. 

 

ЖОЛДАМА ЖОЛДА ЖАТПАЙДЫ

Жуырда Спорт және де­не­шынықтыру істері агент­­­тігі елі­міз­ден спорт­­­­тың 15 түрінен Олимпиада жолдамасын иеленген отандас­тары­мыз­дың есімдерін жариялады.

Мұнда Лондон Олимпиа­да­сы­­­ның ең көп лицензиясын алған спортшыларымыз – су добынан ерлер құрамасы болып отыр. Ко­манданың барлық ойыншыларын санағанда олар­дың еншісінде 13 жолдама бар. Жақында Жапо­ния­­­ның Чиба қаласында өткен Азия чемпионатында Сергей Дроздов жат­тықтыратын біздің ерлер құ­­ра­масы бірінші орын алып, Лондон Олимпиадасына берілетін жалқы жолдаманы иеленді. Бұл бәсекеде біздің жігіттермен бірге қызда­ры­мыз да бақ сынасып, Тұманды Альбионның би­леттері үшін таласып көрген еді. Алайда, қызда­рымыздан гөрі жігіттеріміздің жолы болды. Олар жарыста ауызымен құс тістеген Қытайды – 8:1, Ку­вейтті – 10:5, Жапонияны 6:4 есе­бімен жеңіп, басты қарсы­лас­та­рынан жолын тазартып алды. Осылайша барлық кез­десулерін жеңіс­пен аяқтаған Қазақстан құрамасы Лондон Олимпиадасының жолдамасын ие­лен­ді. Бұл сында ұлттық құрама қатары Ре­сейдің тәжірибелі ойыншыларымен кү­шей­тіліп алынғанын айта кеткен жөн.

Өкінішке қарай, осы чемпионатта қыз­да­ры­­мыз күткен жолдаманы Қытай командасы алып кетті. Бұл жерде қыздарға еш­қандай айып таға алмаймыз. Өйткені, дәл қазір Қытай ко­ман­да­сы су добынан құр­лықтың ең мықты құрамасы болып есеп­теледі. Бейжің Олимпиадасынан кейін олар­дың деңгейі тіптен өсіп кетті. Оған былтыр Шанхайда өткен әлем чемпионаты дә­лел бола алады. Сол жарыста қы­тай­лықтар екін­ші орын алған болатын. Дегенмен, бір өкі­нішті нәрсе, Әсел Жақаева, Айжан Ақылбаева, Кәмила Зәкірова, Әсем Мұ­сарова сияқты қазақ қыздарының Лондон Олимпиадасына бара алмайтыны. Мүмкін енді олардың 2016 жылы жолы болар. Соған тілектес болайық.Содан кейін Олимпиадаға ең көп лицензия алғандардың бірі біздің жеңіл атлетикадан бақ сынасатын қыз-жігіттеріміз болып отыр. Атап айтқанда, Марина Аитова, Виктор Зябкина ( екеуі де Алматы қаласынан), Ольга Рыпакова, Анастасия Сопрунова (ШҚО), Маргарита Мацко, Евгений Эктов, Ирина Эктова (СҚО), Дмитрий Карпов, Ольга Блудова (Қа­рағанды обл.), Наталья Ивлинская, Ольга Тересикова (ОҚО), Виктория Яловцева (Павлодар обл.), барлығы 12 спортшы Олимпиада ли­цензиясына ие болды. Біз осы желаяқтар, онсайысшылар мен биіктікке секірушілер Әмин Тұяқов, Ғұсман Қосанов пен Ольга Шишигинаның Олимпиададағы жетістіктерін қайталай алады деген үміттеміз.Одан кейін әр түрлі жарыстарда қашан­да Қазақстанның намысын қолдан бер­мейтін зіл­теміршілеріміз 8 жолдамаға қол жеткізді. Олар­дың ішінде Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүл­­­фия Чиншанло сияқты спорттағы «ауыр артиллерияларымыз» бар. Қазір қа­зақстандық жанкүйерлер бұ­рынғыдай бокстан ғана жүлде күтпей, енді зілтемірдің қос дөң­ге­лектерін басынан асыратын батыр қыз-жігіттерімізге үмітпен қарай­­тын жағ­дайға жетті. Сон­дықтан батпандай ауыр зілте­мір­ді көтеріп, көптеген бәсекелерде көк бай­ра­ғымызды биіктен көр­сетіп жүрген спортшыларымыздан үмітіміз зор, артылар жүк те тым ауыр. Бұл жерде Лондон Олим­пиа­дасының жолдамасын ал­ған қыз-жігіт­те­рі­мізге ең бастысы коман­да­ның бірлігі, бап­кер­­лердің ақыл-кеңестерін тыңдап, діт­теген мақ­сатына жету үшін жұ­мыс істегені жөн дегіміз келеді. Ауыр атлетика феде­рация­сы­ның бас хатшысы Мең­діхан Тәп­сірұлының айтуынша, қазір ұлттық құ­раманың қыз-жігіттері жатты­­­ғу жұмыс­та­рымен қызу айналысуда. Жатты­ғулар Алматыда өтуде. Ал Илья Ильин Астанада дай­ын­дық жұмыс­тарын жүргізуде. «Осы­­­дан кейін команда шет елге шығып, дайындалады. Команда Лондон Олимпиадасында 4-5 медаль алуды мақсат етуде. Осының екеуі алтын жүлде болса, жоспарымыздың орын­дал­ғаны деп білемін», – дейді ол.Бокстан ұлттық құрама 6 жолдаманы ие­леніп отыр. Мұнда командаға ең алғашқы Олимпиада лицензиясын Қанат Әбутәліпов (54 кг., Астана қаласы) әперді. Ол былтыр 7-9 мамыр күндері Қытайдың Гуянг қала­сында өткен Дүниежүзілік бокс сериясы­ның жеке чемпионатында бас жүлдені же­ңіп алып, лицен­зияға ие болды. Содан кей­ін Бакуде өткен әлем чемпионатында Әділ­бек Ниязымбетов (81 кг., Маңғыстау обл.), Дана­бек Сужанов (75 кг., ШҚО), Ғани Жайлауов (60 кг., Жамбыл обл.), екі дүркін әлем чем­пионы Серік Сәпиев (69 кг., Қарағанды обл.), Иван Дычко (91 кг-ден жоғары, Қос­­­танай обл.) жолдаманы иеленді. Осы­лардың ішін­­де Серік пен Әділбек финалға шықса, Дычко мен Жайлауов жартылай финалда өнер көрсетті. Ал Данабек Сужанов ширек фи­налға жеткені үшін жолдамаға қол жеткізді.Қазіргі күні бокстан ұлттық құрамамыз алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Олар 5 қаңтар мен 24 қаңтарға дейін Алматы маңындағы «Ақбұлақ» сау­­­ықтыру ке­шенінде күш-жігерін толық­ты­рып, тауда жүгіріп, спорт ­­залда, таза ауада жаттығу жұ­мыс­тары­мен айналысты. Бас бапкер Мыр­­зағали Айт­жанов­­тың айтуынша, осы жат­тығуға лицензия алған, алмаған бокс­шы­лардың бәрі қа­тысты. Олар күн сайын таңертең тауға қарай жүгіріп, дәрігерлердің тексеруі­нен өтті. Қазір команда бокс­шы­лар­дың физика­лық дайын­ды­ғына баса мән беруде. Ал так­тикалық жат­тығулар әрбір боксшымен жеке-жеке жүргізілуде.Биылғы Олимпиаданың соң­ғы лицензиясы Астанада 31 нау­рыз бен 6 сәуір аралығында Президент Н.Назарбаевтың жүл­­­десі үшін өте­тін халық­ара­лық турнирде бері­ле­тіні белгілі. Оған әлемнің әлі жолдама алмаған боксшылары қаты­сып, күш сынасатын болады. Бас бапкердің айтуынша, Астанада өте­тін лицензиялық турнирге кім­дердің қатысатыны әлі бел­гісіз. Ал жолдама алған бокс­шы­лардың бәрі дайындықтан өтіп, бірнеше ха­лық­аралық жа­рыстарға қатысады.Еркін күрестен Олимпиа­да­ға 4 жолдаманы иеленіп отыр­мыз. Балуандар Дәулет Ниязбеков (Қызылорда обл.), Дәурен Жұ­мағазиев (Алматы обл.) пен Батыс Қазақстаннан Абдулхаким Шапиев пен Таимураз Тигиев жолдаманы жеңіп алды. Осы балуандардың бәрі былтыр 16-18 қыркүйек күн­де­рі Түр­кия­ның Ыстамбұл қала­сында өт­­­кен әлем чемпионатында лицензияны иеленді.Байдарка және каноэде ес­кек есуде 4 жолдама бар. Бұл жарыста Наталья Сергеева, Алек­сандр Дядчук (Алматы қаласы), Алексей Дергунов (БҚО), Евгений Алексеев (ОҚО) ел намысын қорғайды. Грек-рим кү­ре­­сінен әзірше 3 жолдамаға ие болып отырмыз. Алмат Кебіспаев (60 кг., Астана қала­сы), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг.) пен Асхат Ділмұха­ме­дов (75 кг., екеуі де Алматы обл.) қазірдің өзінде Олимпиадаға дай­ын­дықты бастап кетті. Солардың ішінде балуандарымыз Түркияның Ыстамбұл қал­а­сында өткен Голден Гран-при турнирінде жақсы нәтиже көрсетті. Бұл белдесулерде біздің балуандар бір алтын, бір күміс және бір қола медальға ие болды. Енді осы аптада Парижде өтетін Гранд Слам турнирінде дзюдошылардан үміт күтеміз. Оған Максим Раков бастаған ұлттық құраманың мықты­лары аттанды.Ал әйелдер күресінен ұлттық құра­мамыз 2 жолдаманы иеленуде. Оның бірі Жұлдыз Есімовада (48 кг., Астана қаласы), екіншісі Гузель Манюровада (72 кг., Алматы қаласы). Сондай-ақ, нысана көздеуден Вячеслав Подлесный (Павлодар обл.), байдарка және каноэде Сергей Черкасов (ШҚО) жолдамаға ие болды.Әзірше Олимпиадаға біздің 64 жол­даманың ең соңғыларының бірін Анна Алябьева жеңіп алып отыр. Ол 16-18 қаңтар Лондонда «Солтүстік Гринвич Аренасы» көр­кем гимнастикадан біліктілік сынақта ал­ғашқылардың бірі болып лицензияны ие­лен­ді. Бұл сында Алябьева Олимпиадаға бе­рілген 5 жолдаманың біреуін жеңіп алды. Қазірдің өзінде оны көркем гим­настикадан Азия ойында­ры­ның чемпионы Әлия Жү­сіпо­ва­ның ізбасары деу­­­­шілер көп. Мұ­ның алдында стендтен атуда 11-22 қаңтар күн­дері Катардың Доха қаласында өткен Азия чемпионатында үшін­ші орын алған Ангелина Мещук, спорт­тық гимнастикадан 11-18 қаң­тар күндері Лондонда өткен ха­лық­аралық турнирде жақсы нәтиже көр­сеткен Мөлдір Әзім­бай мен Степан Горбачев та жолдаманы иеленгенін атап өтке­німіз жөн. Осы соңғы жолдама алғандар­дың бірі Мөлдір Әзімбай әзірше спортшылар ішіндегі ең жасы болып табылады. 1995 жылы Шымкент қаласында туған Мөл­дір қазір Оңтүстік Қазақстан гумани­тарлық-экономикалық колледжінің бірінші курсында оқиды. Ол ІІ Еуразия ойындарында сырық жаттығуы бойынша ІІІ орынға ие болған. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Көптеген ха­лықаралық турнирлердің жеңімпазы. Котбус қаласында өткен әлем кубогы үшін жа­рысының, Жапонияда өткен әлем чемпио­натының қатысушысы. Қазақстан халқы ІІІ Спартакиадасының жеңімпазы.Дастан КЕНЖАЛИН.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Лондон Олимпиадасында алтын жүл­дені иеленген Қа­зақстан спортшысы 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Күміс жүлдегер 150 мың, қола жүл­де­гер 75 мың, ал төртінші орын иеленген 30 мың доллар алса, бесінші орын алған 10 мың, алтыншы орынды қанағат тұтқан спорт­­­шы 5 мың АҚШ долларына ие болады.