• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2012

Жеңілістің кермек дәмі

362 рет
көрсетілді

Жеңілістің кермек дәмі

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш жеңілістің дәмін татты. Әлем­нің он мәрте чемпионы Швеция командасымен арада өткен тартыс­ты ойында ел жігіттері небәрі бір гол соғумен шектелді.

 

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш жеңілістің дәмін татты. Әлем­нің он мәрте чемпионы Швеция командасымен арада өткен тартыс­ты ойында ел жігіттері небәрі бір гол соғумен шектелді.

Швеция құрамасымен өткен кездесу 1:9 есебімен аяқталды. Қазақ­стандықтар бірінші минуттардан аш­ық айқасқа көшкен болатын. Алайда, шведтер өз мүмкіндіктерін мүлт жі­бер­мей, өз қақпасын қамалды қорға­ғандай асқан шеберлікпен сақтай біл­ді. Айта кету керек, Алексей Ни­кишовтың шәкірттері қанша тырыс­қанмен, қарсыластардың қорғанысын бұза алмады. Бірінші тайм 0:5 есе­бі­мен аяқталып, қазақстандықтар екін­ші таймда бір гол соғып еді. Қарымта ретінде қонақтарымыз біздің бір добымызға 4 доппен жауап қайтарды.Норвегия мен АҚШ командаларынан басым түскен қазақстандық хоккейшілердің бағын алаңдағы тө­ре­шілер де байлағандай болды. Сапасыз төреліктің сызы біздің жігіт­тер­дің ойын мәнеріне психологиялық әсер болып тиді деуге негіз бар. Одан өзге, бұл жолы Қазақстан құра­ма­сының жігіттері «ә» дегенде алғаш­қы таяқтастасы жақсы болғанымен, ойын басталған алғашқы он минуттан кейін тізгінді қолдан шығарып алды. Денис Максименко жіберген қателік үшін төреші тағайындаған пенальтиді швед Стефан Эриксон сәтті пайдалана білді. Алғашқы соқ­қыдан кейін-ақ күш алып кеткен қарсыластар біздің құраманың қақ­пасын бірінші таймның соңына дейін тек қақырата соғумен болды.19-шы минутта Эриксон екінші добын түсіріп еді, енді біздің жі­гіттер оталады деп отырғанда, 23-ші минутта Хельмюрт Қазақстан құра­масының қақпасына тағы бір допты тоғытты. Бұған дейінгі ойындарда жеңімпаз болған біздің жігіттер шведтермен болған бәсекеде де барын салды. Амал жоқ, әлем чем­пио­нының аты – әлем чемпионы. Оның үстіне допты хоккейден он мәрте чем­пиондық атақты бермей келе жат­қан тәжірибелі қарсыластың ойын өрнегі ерекше екендігін де мойындау керек. Шведтің сұр мергені Андерсон 28-ші минутта төртінші допты, ал Микельссон 42-ші минутта бе­сінші допты соғып, бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешіп тастады. Шведтер өздеріне берілген жеті мүмкін­шілік – айып доп соғу сәтінің бесеуін өз пайдаларына тиімді қол­дана білді. Одан кейінгі ойында қар­сыластар өз қақпасын көздің қара­шы­ғындай қор­ғауға көшті.Екінші таймды қарқынды баста­ған швед құрамасы алғашқы минут­тарда-ақ біздің қақпаға екі допты сүңгітіп үлгерді. Тек біздің Вячеслав Бронниковтың 57-ші минутта соққан жалғыз голы қазақстандық хоккейші­лер­дің қарымта соққы беруге қауқар­лы екенін көрсетті. Бронников осы чем­пионат басталғалы қанжығасына бе­сінші голды байлап қана қойған жоқ, әлемдік додада бет қаратпай жүрген әйгілі команданың қақпа­шы­сы Андрес Свенсонның өзін жер қаптырды.Қалай десек те, әлемдік допты хоккей біріншілігіне лайықты да шебер құраманың келгенін біздің жігіт­тер таныта білді.Қанат ЕСКЕНДІР.Алматы.