• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қараша, 2018

Ресей ғылым академиясымен байланыс беки түседі

464 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Ресей ғылым академиясының президенті Александр Сергеевпен келіссөз өткізді. Жиын барысында екі елдің Ғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың өзара байланысын кеңейту мүмкіндіктері, ғылымды басқару мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді. 

Кездесуде А.Сергеев Қазақ­стан халқының ыстық ықыласына ризашылығын жеткізді. 

«Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінде студенттерге дәріс оқып, аталған оқу ордасының құрметті профессоры атандым. Бұл – мен үшін бақыт. Келелі кездесулермен басталған бұл сапарым толайы­м табыстарға толы боларына сенімдімін. Екі ел арасында ғылым саласына байланысты барлық тиісті құжатқа қол қойылып, екі жақтың ғалымдары бірігіп атқаратын бірегей жобаларды бекіткеннен кейін оны ел назарына ұсынатын боламыз. Егер жалпылама қарайтын болсақ, қос мемлекеттің де ғы­лымы елдің экономикасын ілге­рілетуге үлес қосып келеді. Ресейде 2 жыл бұрын мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуының стратегиясы қабылданды. Бұл нарыққа шығатын өнімнің негізгі құрылымын, зияны мен пайдасын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетіне барғанымда Қазақ­стан ғылымының қарыштап дамып келе жатқанына көз жеткіздім. Білімге құштар сту­дент­терді көріп, ғылымның келе­шегі жарқын боларына сенімім беки түсті», деді Ресей ғылым ака­демиясының пре­зиденті А.Сергеев.

Қазақстан Ұлттық ғылым ака­демиясының президенті М.Жұрынов Ресей ғылым академиясының ұжымымен және ресейлік ғалымдармен ежелден етене байланыс орна­тылғанын айтты. Сондай-ақ ғылым саласындағы түйткілді мәселелерді бұған дейін әлемдік ауқымды аудиторияларда тал­қыға салып жүргендіктерін тілге тиек етіп, бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынын жеткізді.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»