• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2012

Олимпиада иек астында

406 рет
көрсетілді

Олимпиада иек астында

Жақында Өскемендегі дене шы­нық­­тыру-сауықтыру кеше­нін­де жас­тар арасында бес күнге созылған еркін, грек-рим және әйелдер күре­сінен өткен Қазақ­стан чемпионаты мәреге жетті.

Бұл чемпионатты ең алдымен еркін күрес балуандары бастады. Елі­міздің бар­лық облыстары мен Астана, Алматы қала­ла­ры­нан келген спортшылар чем­пио­­натқа жақсы даяр­лық­пен келген­дерін кілем үстіндегі белдесулерде көрсете білді. Жекелей сал­мақ дәрежелері бойынша Нұр­лан Тұрған (Алматы қаласы, 50 кг.), Азамат Шағапұлы (Қы­зыл­орда облысы, 55 кг.), Мей­­­іржан Әшіров (Жамбыл облысы, 60 кг.), Нұрғали Жолаев (Ал­маты қаласы, 66 кг), Әбубәкір Тор­ғаев (Шығыс Қазақстан облысы, 74 кг.), Ералы Әбдірашев (Acтана қаласы, 84 кг.), Іңкәр Ермұхамет (Оңтүстік Қазақ­стан облысы, 96 кг.), Олег Болтин (Шы­ғыс Қазақстан облысы, 120 кг.) бірінші орынды иеленді.

Әйелдер күресінде Солтүстік Қа­зақ­стан облысының спортшылары Кристина Яловенко, Юлия Одиненко, Айдана Өте­ғұлова, Қарағанды облы­сының өкілі Ири­­на Борисова мен Жаиля Әубә­кірова чемпион атанса, Алматы облысынан Ұл­босын Қожамб­ер­ді, Павлодар облысынан Айман­гүл Төлеухан, Батыс Қазақстан облысынан Екатерина Ларионова жеңіс тұ­ғырының жоғары сатысына көтерілді.

Ал Шығыс Қазақстан облы­сының спортшы қыздары осы чемпионатта мұн­дай үздік же­тіс­тікке қол жеткізе алмады. Әй­ге­рім Сағынаева мен Әйгерім Ма­қажанова екінші орындарды ен­шілесе, жүлделі үшінші орын шығысқазақ­стан­дық спорт­шы­ларға бұйырмады.

Грек-рим күресі бойынша 60 кг. сал­мақ дәрежесінде сынға түс­кен шы­ғыс­қа­зақстандық Мей­ір Ерзақов өзге­лерден әлдеқайда мықты екендігіне көрермен­дер­дің көздерін жеткізді. Қалған салмақ дәрежелерінде жам­был­дық­тар Асқар Сал­тебаев, Жә­ні­бек Қандыбаев, аста­на­лық­тар Азамат Құстыбаев, Ахмет Ізбас­қанов, қара­ған­дылық Айдын Әшімбаев, қоста­най­лық Тимур Ташмағанбетов, павло­дарлық Ер­кін Шәйкенов жеңімпаз атанды. Шығысқазақстандық балуандар арасында екінші, үшінші орын алғандар болған жоқ.

Салыстырмалы түрде алған­да, кү­рес­­тің үш түрі бойынша Солтүстік Қа­зақ­стан, Жамбыл, Шығыс Қазақ­стан, Қара­ғанды облыстарының әр­қай­сы­сы­нан үш балуаннан бірінші орындарды ие­леніпті. Әр өңірде күрес түр­ле­рінің қалай дамып жат­қа­нын, ке­лешегі қандай екенін Өске­менде өткен жастар чемпионаты анық­тап берді. Біздің облыста грек-рим және әйелдер күре­сінің даму барысының баяу екені де аңға­ры­лып қалды. Ең бастысы – күрес бұқаралық спорт түріне айналып, кең өріс алып келе жатыр. Сон­дықтан да ізбасарлар даярлау ісін назардан тыс қалдырмай, жастар мен жас­өспірімдер спортына кө­ңіл бөл­ген жөн. Сонда ғана нә­тиже болатыны белгілі.

Өскемендегі чемпионатта кү­рестің үш түрінен жеңіске жеткен балуандар елі­міздің құрама командаларына қабыл­дан­ды. Олар енді халықаралық жарыс­тар­ға даярлықты бастап, оқу-жаттығу жи­ындарын өткізеді. Лондон Олимпиада­сында біз балуандардан да үміт күтеміз.

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Өскемен.