• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2012

Батысты бағындырған «бес қару»

231 рет
көрсетілді

Батысты бағындырған «бес қару»

Американың Атлантик-Сити қаласында Халықаралық жекпе-жек өнері академиясы­ның (The Academy Awards Of Martial Arts) қорытын­дылауымен спорттағы «Оскар» сыйлығы тапсырылды.

Кинодағы спорт пен жалпы спорт саласына елеулі үлес қос­қан шығармашылық топ пен жекелеген тұлғаларға берілетін бұл сыйлықты тапсыру салтанатына әлемнің 16 мемлекетінен жекпе-жек өнерінің 1200 хас шебері қатысты. Олардың сапында өзіміз кинофильмдерден тамашалап жүрген Голливуд ки­ножұлдыздары Синтия Ротрок, Ден Северен, Билли Воллес секілді кино өнеріне спорттық жетістіктерімен келген белгілі әртістер бар.

Өткен 2011 жылы спортқа сі­ңірген еңбегі үшін спорттық «Оскар» сыйлығы тұңғыш рет қазақстандық Дәурен Мұ­саға табыс етілді. Ол бас­қаратын «Kazakhstan Invest & Trade Group» компаниясы «Бес қа­ру» ұлттық спорт федерациясын құрып,  былтыр елі­мізде «Қазақша төбелес» атты жек­пе-жек сайысын ұйым­дастыр­ған еді. Бұған дейін де бірнеше халықаралық марапат­қа ие болып үлгерген «Бес қа­ру» федерациясы спорттық сайыстар ұйымдастырумен қатар, «Әлем аяғымыздың астында» деп аталатын жаңа мелодрама түсіріп жатыр. Жекпе-жек өне­рінің эле­менттеріне бай жаңа туындыда басты рөлдерде бел­гілі киножұлдыздар Арманд Ассанте, Кэри Хироюки Тагава, Боло Йенг, Питер О’Тул, Майкл Мед­сен, Том Лестер секілді танымал тұлғалар ойнайды.

Қанат ЕСКЕНДІР,

Алматы.

Суретте: Дәурен МҰСА.