• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қараша, 2018

Тараздағы турнирде 9 мемлекеттің балуандары белдеседі

375 рет
көрсетілді

23-25 қараша аралығында Таразда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

Осыдан 11 жыл бұрын тұсауы кесілген еркін күрес шеберлері арасындағы жарыс алғашында республикалық деңгейде өтіп жүрді. 2016 жылы халықаралық дәрежеге көтерілген турнирдің ауқымы кеңіп, мәртебесі өсті. Сол кезден бастап, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген балуандар Әулиеата топырағында көптеп табан тірей бастады. 2016 жылы айтулы додада Ресей, Моңғолия, Бразилия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері күш сынасса, былтыр олардың қатарына Жапония, Польша, Украина, Беларусь және Әзірбайжан қосылды.

Биылғы жарыста 9 елдің өрендері өнер көрсетеді. Олар – Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және Қазақстан құрамалары. Айтулы жарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрап отыр .

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»