• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2012

Алматыда екі спорт мектебі ашылды

2478 рет
көрсетілді

Алматыда екі спорт мектебі ашылды

Алматыда екі бірдей мамандандырылған спорт мектебі есігін ашты. Оңтүстік астана осы уақытқа дейін еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда спортқа баулитын орындарға кенде емес сияқты көрінетін. Алайда, бұл күнде Алма­ты­ның аумағы да, адамы да өсіп келеді. Қаланың кейінгі жылдары бой көтерген шағын аудандарында осы жоқтың орны көрініп тұратын.

Алматы әкімі Ахметжан Есі­­­мов жаңадан салынып біткен спорт нысандарында болды. Ашылып отырған спорт мекемелері – №9 балалар мен жасөспірімдердің және Әуезов ауданындағы жоғары спорттық шеберліктің маман­дан­дырылған олимпиадалық резерв мектептері.

Республикадағы №9 балалар мен жасөспірімдердің жалғыз олим­­пиа­далық резерв мектебі осы­­дан 40 жыл бұрын салынған екен. Мектепте 900 жас спортшы-гимнасшылар білім алуда. 2011 жылы жаңа спорт залын, жатақханасы бар мектептің әкімшілік қызмет орнын қайта салу үшін қала бюд­жетінен 500 миллион теңге бө­­лін­ген болатын.

Бүгінгі таңда бұл нысанның жал­пы аумағы – 4 156 шаршы метр. Мектеп бірден 1500 оқу­шы­ны қа­был­дай алады. Ол дәл осы күндері Бангкокте өтетін Азия чемпионатына республикамыздың әр түкпі­рінен келген жас спортшыларды тәрбиелеу үстінде. Айтқандай, осы №9 арнайы спорт мектебінің оқу­шысы Степан Горбачев 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойын­да­рының лицензиясын жеңіп алған.

Аталған мамандандырылған мектеп Қазақстанның ұлттық құ­рамасына кадрлар дайындайды. Мұнда спортшылар қысқы спорт­тың 4 түрінен (шаңғымен тұғыр­дан секіру, шаңғы қоссайысы, мә­нерлеп сырғанау, конькимен жүгі­ру) және жеке сайыстың 13 тү­рі­нен (қылыштасу, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, дзюдо, бокс, т.б.) дәріс алады. Мектептің спортшылар резервін дайындайтын оқу-жаттығу базасы да талапқа сай жабдықталған.

Қазіргі кезде мектеп активінде 2012 жылғы Олимпия ойындарына қатысу үшін 7 лицензия бар, олар ауыр атлетика, жеңіл атлетика, қыздар арасындағы еркін кү­рес, дзюдо.

Сонымен, ілгеріде іргетасы кө­те­­ріліп, замана сұранысымен спорт мектептеріне айналған мекемелерге қала әкімі арнайы келіп, жет­­кін­­шектердің жарыстарға дайын­ды­­ғын көрді. Балалармен дидарласты.

– Мұнда болашақ чемпиондар, Олимпия ойындарының чемпион­дары даярлануда, біз еліміздің әр түкпірінен келген дарынды бала­лардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бұдан былай сендер бізді спорттағы ең жоғары кө­р­сет­кіштермен, биік спорттық жетіс­тік­термен қуантыңдар! – деді Ахметжан Есімов жас спортшыларға арнаған сөзінде.

Айнаш ЕСАЛИ.

Алматы.