• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2012

«Арландар»: Алда жауапты сын

293 рет
көрсетілді

«Арландар»: Алда жауапты сын

2 наурыз күні Астанада «Астана арланс» пен «Мехико сити гуэрерос» ко­­ман­­да­ларының арасын­­­да Бүкіл­әлемдік бокс сериясы жары­сының ал­­ғаш­­­қы ширек фи­­налдық кез­­десуі өтті.

Бұл айқаста «арландар» қар­сыластарын жеңіп, жартылай фи­­­­налға шығуға бір қадам жа­қындай түсті. Осы күні «арландар» сапында Мерей Ақшалов (61 кг.) пен Рамжон Ахмедов (85 кг.) жекпе-жектерін сауатты өт­кізіп, жеңіске жетсе, аса ауыр салмақтағы Руслан Мырса­та­ев­қа қарсыласы Гарсия Омардың кездесуге келмеуіне байланысты жеңіс берілді. Ал Хабибула Исмаил-Ахунов (54 кг.) пен Рүстем Сыбаев (73 кг.), өкінішке қарай, Эмигдио Элиас пен «Мехи­ко­ның» украиналық легионері Дми­трий Митрофановтан айласын асыра алмады.

 

2 наурыз күні Астанада «Астана арланс» пен «Мехико сити гуэрерос» ко­­ман­­да­ларының арасын­­­да Бүкіл­әлемдік бокс сериясы жары­сының ал­­ғаш­­­қы ширек фи­­налдық кез­­десуі өтті.

Бұл айқаста «арландар» қар­сыластарын жеңіп, жартылай фи­­­­налға шығуға бір қадам жа­қындай түсті. Осы күні «арландар» сапында Мерей Ақшалов (61 кг.) пен Рамжон Ахмедов (85 кг.) жекпе-жектерін сауатты өт­кізіп, жеңіске жетсе, аса ауыр салмақтағы Руслан Мырса­та­ев­қа қарсыласы Гарсия Омардың кездесуге келмеуіне байланысты жеңіс берілді. Ал Хабибула Исмаил-Ахунов (54 кг.) пен Рүстем Сыбаев (73 кг.), өкінішке қарай, Эмигдио Элиас пен «Мехи­ко­ның» украиналық легионері Дми­трий Митрофановтан айласын асыра алмады.

Енді қарымта кездесу 9 наурыз күні Мехико қаласында өте­ді. Осы жерде жартылай финал­ға қай команданың шығатыны белгілі болады. Әзірше, тіл кө­зіміз тасқа, «арландардың» мек­сикалықтарға қарағанда, келесі айналымға шығуға мүмкіндігі көптеу. «Арландарға» жартылай финалға шығу үшін «Мехикодан» 4:1 есебімен жеңілмеу керек. Ал егер 3:2 есебімен жеңі­ліп жатса, онда командалар арасында жартылай финалға жолдама тағы да сарапқа салынады. Сон­дықтан «арландарға» келесі ай­­на­лымға шығу үшін 5 жекпе-жек­тің үшеуін жеңсе жеткілікті. Солай болатынына сенгіміз келеді.

Дегенмен, «Мехико қала­сы­ның жауынгерлері» де оңай ша­ғылатын жаңғақ емес екен. 2010 жылдың қараша айында бас­тал­ған Бүкіләлемдік бокс сериясы жарысына биыл алғаш рет қа­т­ы­сып жатқан бұл команда өзін бес айдан бері жақсы жағынан көрсете білді. Бұған біздің «Ас­тана арландарымен» болған ке­шегі жекпе-жектерде тағы көзі­міз жетті. Осы кездесуде мек­си­калық 54 кг. салмақтағы Эмигдио Элиас бесінші өткізген ай­қа­сында бесінші жеңісіне жетті. Ол біздің Хабибула Исмаил-Ахуновты айқын басымдықпен ұтты. Сол сияқты «Мехиколық жауынгерлер» сапындағы укра­и­налық Дмитрий Митрофановты да жақсы қырынан айтуға болады. Бұл боксшы да әуесқой бокстан енді келіп, бес раундқа үйреніп жүрген Рүстем Сыбаевтан айласын асырып кетті. Осы жекпе-жекте қазақстандық соң­ғы раундқа дейін намысты қол­дан бермеуге тырысты. Бірақ ше­бердің аты – шебер, мек­си­калық жеңіске жетті.

Ал «арландардың» өзбек ле­гионері Рамжон Ахмедовті сол күнгі кештің батыры десе болады. Ол биылғы маусымда үш кездесу өткізіп, соның бәрін де жеңген болатын. Ал мына ай­қаста намысқа тырысқан Ахмедов Мексиканың швециялық ле­гионері Катенде Кеннедиді ай­қын басымдықпен ұтты. Ахмедовпен кездесуге дейін 4 рет жеңіп, бір рет жеңілген шве­ция­лық легионер біздің боксшыдан мұндай қарсылық күтпеді десе болады. Қысқасы, сол күні кеш­тегі ең әдемі, ең жақсы боксты көрсеткен де осы Ахмедов болды. Оның бес раунд бойы жа­саған соққылары Кеннедиді есінен тандыра жаздады.

61 кило салмақта күш сы­нас­­­қан Мерей Ақшалов болса, мек­­сикалық қарсыласы Гутиерес Ан­гелді өзіне тән қимыл-қозғалы­сы­мен, тактикасымен жең­ді. Сөйтіп, ол биылғы мау­сымдағы 4 кез­де­суінің бәрін же­ңіспен аяқтады.

Ал 9 наурыз күнгі кездесу «Астана арландары» үшін өте жауапты сын болатыны сөзсіз. Өйткені, «Мехико қаласының жау­ынгерлері» – осал команда емес. Егер «арландар» өз тобында үш­інші орын алып, ширек финалға шықса, бұл ұжым «В» тобында екінші орынды иеле­ніп, келесі айналымға жолдама алған. Олар топтық турнирде 10 кездесу өткізіп, соның алтауында жеңіс­ке жеткен. Барлық жи­наған ұпа­йы – 20. Осы айқас­тарда олар «Баку оттарын» ғана алға жі­беріп қойды. Бірақ, өз тобында Францияның «Париж юнайтед», Германияның «Лейпциг қабы­ландары», Қытайдың «Бейжің айдаһарлары», Түр­кия­ның «Ыс­тамбұл бұқалары» ко­манда­ла­рының бәрін артта қал­дырды.

Мексикалық ұжымның сапын­да талантты, тәжірибелі бокс­шылар аз емес. Олардың арасында Эмигдио Элиас пен Хуан Ромеро бар. Командада әлі қыры мен сыры ашылмаған легионерлер де көп. Мәселен, бол­га­рия­лық ауыр салмақтағы Младен Маневті, швециялық Кеннеди Катане мен украиналық Дмитрий Митрофановты солардың қатарына жатқызуға болады.

Егер «арландар» қарымта матчта же­ңілмесе, онда жартылай финалда Мәскеудің «Динамо» командасымен кездеседі. Бұл команда өткен жұма күні алғашқы ширек фи­налдық кез­десуінде сырт алаңда Германия­ның «Лей­­пциг қабы­лан­дары» клубын 5:0 есебімен ұтты. Тағы бір кездесуде «Мумбай жой­ғыш­тары» өз алаңында «Баку оттарын» 3:2 есебімен жең­се, «Париж юнайтед» пен «Ми­лан найзағайы» ұжымдары арасын­дағы матч сәл кейінірек өтіп, кеше кешкісін аяқталды.

Дастан КЕНЖАЛИН, Суреттерді түсірген  Орынбай БАЛМҰРАТ.