• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2012

Астаналықтар алға шықты

324 рет
көрсетілді

Астаналықтар алға шықты

Осы күндері Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсекелерінің қарымта кездесулері өтуде.  Алғашқы екі ойынды өз алаңында өткізген командалар енді қарсыластарымен сырт алаңда күш сынасуда.

Бұған дейін Магнитогорда өткен екі кездесуде «Барыс» бір рет жеңіліп, екіншісінде жеңген болатын.  Астананың «Барысы» өз алаңындағы алғашқы мат­чын 4 наурыз күні өзінің плей-оффтаға қарсыласы Магни­то­гор­дың «Металлургімен» өткізді.  Осы кездесуде алаң иелері магнитогорскілік команданы 3:2 есебімен ұтты.

Астанадағы алғашқы матчты, яғни қос команданың арасын­дағы үшінші кездесуді Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан На­зарбаев, Парламент Мәжі­лі­сі­нің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­ба­сары Нұрлан Нығмату­лин, Қа­зақ­стан Республикасы Шай­ба­лы хоккей федера­ция­сы­ның президенті Асқар Мамин және тағы да басқа ресми адамдар келіп, тамашалады.

Сөйтіп, астаналықтар жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты. Осылайша, плей-офф бәсеке­сін­де бұған дейінгі үш жыл бойы бірде-бір жеңіске жетіп көрме­ген «Барыс» алғаш рет алға шығып отыр.

Бұл матчта «Барыс» Магни­тогорскіде өткен екінші кезде­судегі сияқты жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Кездесуде алғашқы болып есеп­ті қонақтар ашты. Бірінші шайбаны 6-шы минөтте Виталий Еремеев қақпасына «Металлург­тің» фин легионері Юхаматти Аалтонен то­ғытса, арада аз уа­қыт өткен соң, біздің легионер Найджел Доус есепті теңестірді. Одан кейін 34-ші минөтте Андрей Гаврилин есепті 2:1-ге жеткізсе, 50-ші минөтте Эндрю Хатчинсон магниткалық коман­даның қақ­па­сына үшінші шайбаны соқты. Ал ойынның соңғы нүктесін «Металлург» ойыншылары қойды. Матчтың 57-ші ми­нөтінде Сергей Мозякин есепті қысқартты.

Кеше кешкісін қос коман­да­ның арасындағы төртінші матч өтті. Бұл жолы қай команданың бағы жанатыны белгісіз. Соңғы төрт маусымда да плей-оффқа шық­қанымен, 11 рет жеңілістің ащы дәмін татқан «Барыс» би­ылғы маусымда намысқа тырысып, жан­­­­­­­күйерлерін жерге қа­рат­­пауға күш салуда. Оның екі рет же­­­ңіске жеткені соның бір дәлелі.

Енді «Барыс» осы жеңісті жолын жалғастырып, алдына плей-оффтың келесі айналымына шық­­­сақ деп мақсат қойып отыр. Ал «Барыстың» биылғы плей-офф бәсекесіндегі ең тамаша ойыны күні кеше Магни­то­горскіде өт­кен екінші кездесуде алаң­ иеле­рін 4:1 есебімен жең­гені болды. Бұл матчта көптен бері шайба соға алмай жүрген Талғат Жайлауов та көзге түсті. Ол айдын ортасында шайбадан айырылып қал­ған «Металлург» ойыншы­лары­­ның қателігін ұтым­ды пайдалана білген еді.

Дастан КЕНЖАЛИН.