• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2012

«Арландар» – келесі айналымда

412 рет
көрсетілді

«Арландар» – келесі айналымда

9 наурыз күні Бүкіләлемдік бокс сериясы жарысының кезекті жекпе-жектері өтті. Мехико, Мәскеу, Баку және Милан қала­ла­рын­да өткен бәсекелерде жартылай финалға жолдама алған командалар белгілі болды.

Солардың бірі болған «Астана ар­ландары» клубы Атлант мұхиты­ның ар жағындағы Мексикада «Мехико қаласының жауынгерлері» командасымен кездесіп, қарсылас­та­рын 4:2 есебімен ұтты. Сөйтіп, білікті бапкерлер Бей­біт Есжанов пен Олег Ковальчуг ацтектер еліне дайындап барған команда жартылай финалға жолдама алып, жанкүйерлерін аса маңызды жеңісімен қуантты.

Бұған дейін Астанада өткен жекпе-жекте «арландар» қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түскен еді. Сондықтан Мексикадағы қарымта кездесуде біздің боксшылар алдына кем дегенде үш жекпе-жекте жеңілмеу керек деген мақсат қойылды. Біздің қуанышымызға орай, кешегі кездесуде боксшыларымыз бұл мақсатты артығымен орындады. Олар екі кездесуде ғана алаң иелеріне есе жіберіп, қалған жекпе-жектерде айқын басымдықпен ұтты.

Атап айтсақ, 73 килоға дейінгі салмақта команда капитаны Қанат Ислам Мексиканың болгариялық легионері Младен Маневті, «арландардың» ал­жир­лік легионері Абдельхафид Беншабла (85 кг.) ринг қо­жайыны Хавьер Франциско Ортеганы жеңсе, Мирас Байырханов (73 кг.) қосымша кездесуде мек­­сика­лық Хуан Антонио Меркадодан басым түсті. Ал «арлан­дар­дың» мажарлық легионері Иштван Бернадке «жау­ынгерлердің» сапындағы эквадорлық Джордж Куинонездің шаршы алаңға шық­пауы­на байланысты жеңіс берілді.

Осы жекпе-жектерде Қанат Ислам мен Абдельхафид Беншабланың өнерлері сүйсінтті. Қ.Ислам өзіне тән мәнерімен қарсыласының бойы ұзын болса да оған бас көтеруге мұрша бермей, барлық раундтарды сауатты өткізіп, мексикалықты сабап тастаса, алжирлік легионер өзінің айқасын өте сауатты, өте жоғары деңгейде өткізді. Шаршы алаңда ашық төбелеске бармай, алыстан ғана соққылар дарытып, ұпай жинаған Беншабла алаң иесінен барлық раундта айласын асырып кетті.

Ал М.Байырханов жеңіске жетсе де, оның айқасы шыны керек, көңілімізден шықпады. Оны қара күшке салып жеңді десе де болады. Техниканың жетіспейтіндігі бірден көрініп тұрды.

Енді «арландар» жартылай финалда Мәскеудің «Динамосымен» кездеседі. Бірінші жекпе-жек Астанада 23 не 24 наурыз күндері өтсе, қарымта кездесу Мәскеуде 30 немесе 31 наурыз күндері өтеді. Екінші жартылай финалдық жұп Әзербайжанның «Баку оттары» мен Италияның «Милан найзағайы» клубта­рының арасында өтеді деп күтілуде.

Мәскеулік командамен «Астана арландары» бұ­ған дейін екі рет кездескен. Соның бірінде отандастарымыз 3:2 есебімен жеңсе, екіншісінде 5:0 есе­­бі­мен жеңілген болатын. Сондықтан алпыс айлалы «ар­лан­дарға» ресейлік ұжымнан айласын асырып кету оңай болмас. Бірақ, үмітсіз – шайтан дейді, біз «ар­­лан­дарға» сенеміз және командаға көп үміт артамыз.

Дастан КЕНЖАЛИН.