Биылғы Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф бәсекесінде«Барыстың» жолы тағы болмады. Осымен лигаға төртінші рет бүкілҚазақстанның атынан шығып, еліміздің намысын қорғаған астаналықкоманда тағы да плей-офф сынының келесі кезеңіне өте алмады.
Бұл жолы «Барыстың» жолын орап кеткен команда Магнитогордың «Металлургі» болды. Әуелі біздің жігіттер «Металлургті» төрт кездесуде 3:1 есебімен жеңіп тұрған. Бірінші кездесуде Магнитогорда «Құрыш балқытушылар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Екінші матчта енді «Барыс» намысқа тырысып, алаң иелерін 4:1 есебімен ұтқан. Одан кейін Астанада өткен екі кездесуде «Барыстың» жолы болды.

Бұл ойындарда олар 3:2 және 4:1 есебімен жеңіп, «Металлургтің» алдына шыққан. Міне, сол кезде «Барысқа» «Шығыс» дивизионынан жартылай финалға шығу үшін бір ғана жеңіс керек еді. Алайда, біздің ұжым осындай жылына бір рет берілетін тамаша мүмкіндікті пайдалана алмай, қарсыласымен өткен үш кездесудің бәрінде ұтылуға мәжбүр болды.
Сол соңғы үш ойында «Барыс» овер-таймдарда екі рет 4:3 және бір рет 2:1 есебімен жеңілді. Осы матчтардың ішінде Астанадағы 9 наурыз күнгі ойын қызықты және аса тартысты өтті. Бұл кездесуде қонақтар буллиттің көмегімен есепті теңестіріп, одан кейін овер-таймдағы шайбаның есебінен жеңісті суырып әкетті. Ал негізі сол кезде төрешілер буллит белгілейтіндей ойын ережесі бұзылмаған еді. Өйткені, біздің қорғаушы Литвиненко қонақтардың сапындағы Сушинскийдің аяғын таяқпен тартып емес, аяғына конькиін тигізіп құлатты. Ал Сушинский айдында әртістік мәнерде құлаудың шебері екен. Осыны ескерген мәскеулік төрешілер төрттігі «Барыстың» қақпасына буллит белгіледі. Сөйтіп, сол төрттік «Металлургтің» жеңіске жетуіне жағдай жасап берді.
Осы ойында төрешілердің жасаған тағы бір қателігі – біздің соққан шайбамызды есептемеуі болды. Жаңа төрттік ақылдаса келе, Ари Ахоненнің қақпасы гол соғылғанда жылжып кетті деп шайбаны есептемей тастады. Мұның бәрін оқырман қауым Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтындағы бейнетаспалардан көре алады. Осындай төрешілердің көмегімен овер-таймға дейін әрең күші жеткен «Металлург» Еремеевтің қақпасына тағы бір шайба тоғытты.
Міне, осындай нотамен аяқталған ойындарда «Барыс» тағы да келесі айналымға шығу мүмкіндігін жіберіп алды. Ал оның жолын орап кеткен «Металлург» енді «Шығыс» дивизионындағы жартылай финалда Омбының «Авангард» командасымен кездеседі. Осы дивизионда тағы Челябінің «Тракторы» мен Қазанның «Ақ Барс» ұжымы күш сынасады. Ал «Батыс» дивизионындағы жартылай финал Санкт-Петербургтің СКА-сы мен Мәскеу облысы Мытищи қаласының «Атлант» клубтары және Нижний Новгородтың «Торпедосы» мен Мәскеудің «Динамо» командалары арасында өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН.