• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2018

Үздік бастауыш партия ұйымы

1419 рет
көрсетілді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» («АтМӨЗ») ЖШС-нің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық байқауда бірінші орынды иеленді. Аталмыш конкурстың ауқымын төмендегі цифрлардан аңғаруға болады: оған 200-ден астам БПҰ қатысты, оның ішінде 50-ден астам БПҰ республикалық бәсеке деңгейіне шықты. Бұл ретте бастауыш ұйымдар тағы да үш дәрежеге бөлінді: 3-тен 100 адамға дейін мүшелері бар, 100-ден 500 адамға дейін мүшелері бар және 500-ден көп мүшелері бар. Үстіміздегі жылғы 14-15 қараша күндері Астанада өткен БПҰ республикалық форумына қатысудан алған әсерлері және БПҰ-лар арасында өткен республикалық конкурстың қорытындылары туралы біз «АтМӨЗ» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебәліні әңгімеге тарттық. 

– Бақыт Мұлхайдарқызы, сізді және зауыт бастауыш пар­тия ұйымының барлық мүше­лерін «Нұр Отан» партиясы рес­публикалық конкурсында же­ңіске жетулеріңізбен құттық­тай­мыз! Әрине, бұл бүкіл «АтМӨЗ» ЖШС еңбек ұжы­мы­ның жетістігі екендігі даусыз...

– Көп рахмет. Әрине, бұл біздің кәсіпорын еңбек­кер­лерінің жеңісі. Олар­дың көпшілігі «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Осыған орай зауыт­тың бас директоры Ғалымжан Жыр­шыбекұлы Амантурлин баста­ған барлық партия­ластарымды осындай үл­кен жетістікке және құр­мет­ке жеткізген бірлескен тиімді жұ­мы­сымыз үшін, ортақ мақсат жо­лындағы жұмыста көрсеткен қол­даулары мен түсіністіктері үшін зор алғысымды білдіремін.

– Конкурс жеңімпаздары қан­дай өлшемдер бойынша анық­талды?

– Әрине, ең басты өлшем БПҰ-лардың қоғамдық өмірге, атап айтқанда, партиялық жоба­ларды іс жүзіне асырудағы белсендігі. Өзіңіз білесіз, «Нұр Отан» пар­тиясы бірқатар әлеуметтік жоба­лардың  бастамашысы. Атап айтқанда, «Аға буынға қалтқысыз қамқорлық», «Кедергісіз бола­шақ», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Жас­тар еліміз үшін», «Өмірге жол­дама» және басқа жобалар бар. Біздің бастауыш ұйымымыз осы және басқа да жобаларды іс жүзі­не асыру барысында ерекше белсенділік танытты. 

– Партияны жаңғырту қан­дай дәрежеде жүргізіліп жатыр және осыған байланысты БПҰ ал­дын­да тұрған міндеттер қан­дай?

– Форум жұмысына 600-ден астам делегат қатысты. Сонымен бірге 1 мың адам бейне-конференция байланысы арқылы форум жұмысына қатысты. Осы форумда «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі мерекесіне байланысты атқарылатын шаралар бастау алды. Бастауыш партия ұйымдарының мү­ше­леріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз ар­на­ды. Елбасының құт­тықтау сөзін «Нұр Отан» пар­тиясы Төр­­­ағасының бірінші орын­ба­са­ры Мәулен Әшімбаев фо­рум­ға қатысушыларға оқып бер­ді. Елбасы аталған форум пар­тия жұмысын жаңғырту үрдіс­теріне жаңа жігер және тың серпіліс беруде маңызды қа­дам болып табылатындығына сенім білдірді. Кадр резервтерін қа­лып­тастыруда бастауыш партия ұйым­дары шешуші рөл атқарып, қоғам­дық ұйымдармен және азамат­тармен жұмыс жүр­гізуде көш­басшы болмақ. Фо­рум барысын­да партиялық жұ­мыстардың тиім­ділігін арттыру туралы Мәулен Әшім­баев та жан-жақты әңгіме қозғады. 

– Алдын ала белгілі болға­нын­­дай, форум барысында БПҰ-лар­­дың қызметін же­тіл­діруге ба­­ғыт­­талған тұ­жы­рым­дама тал­қы­­­ланды. Осы орайда не ай­­тасыз?

– Иә, жаңа құжат бойын­ша алдағы уақытта жұмыс бес бағыт бойынша жүргізіледі. Пар­тияға қабылданғысы келетін үміткерлерге талап едәуір артатын болады. Құжаттарды тап­сыру кес­тесі жеңілдетіледі. Үміт­кер­лерге кепілдеме беретін тұл­ға­лардың жауапкершілігін кү­шей­ту жоспарлануда. Алдағы уа­­қытта үміткер партияға өту туралы өтінішті электронды пор­­тал арқылы жібере алады. Партия мүшелері үшін тағы бір жаңалық енді үміткерлер «сынақ мерзімінен» өтетін болады. Пар­тияға қабылдану үшін өтініш бер­ген күннен бастап, БПҰ жиналысында қабылданғанға дейінгі мерзімде үміткерлерге партия мүшелігіне «кандидат» дәрежесі беріледі. Кадр резервтерін қалып­тас­тыруда жа­ңа талаптар қойы­лады. Кадр ре­зервіне БПҰ-лар­дың ең белсенді өкілдері қабылданады. Оларды іріктеу өлшемі – үміткерлердің партия бастамашы болған жо­баларға қатысудағы бел­сен­ділігі, жоғары рейтингі және жұмысының тиімділігі. 2018 жылдың соңына дейін Орталық аппараттың және партия филиалдарының пар­тиялық жетекші лауазымдарына, сонымен бірге барлық дәрежедегі мәслихаттардың депутаттарына резервтер құрылады. Келесі жылдан бастап аудандық, облыстық және рес­пуб­ликалық дәрежедегі резерв қалыптастырылады. Бас­тауыш ұйымдардың бел­сенділері тұрғындардың өткір проблемаларын анықтаумен және тиімді шешумен айналысады. Партияны жүйелі жаң­ғырту шеңберінде цифрлы технологияны және за­ма­науи коммуникациялық же­лілерді белсенді түрде пайдалану шаралары жүзеге асырылады. Бір­ыңғай ақпараттық («Е-инфо») порталын белгілеу және қолдану жос­парлануда. Партияның ішкі коммуникациялық жұмыстарын жетілдіретін және бюрократтық үрдістерді барынша азайтатын 11 кіші желіден құралған «Цифрлы пар­тия» жаңа ақпараттық жүйесі ен­гізіледі. Бір аумақ­та орналасқан БПҰ-ның санын 3 адам­нан 30 (немесе 50) адамға дейін кө­бейтіп, оңтайландыру жоспарлануда. 

Атырау облысының делегация­сы форумнан мол тәжірибе жи­нақ­тап қайтты. Алдағы уақыт­та біз осы игі тәжірибелерді өзі­мі­з­дің жұ­мы­сымызда жан-жақ­ты іске асыратын боламыз.

– Әң­гіме­ңіз үшін рахмет.

Әңгімелескен 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»