• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2018

Андыздай ағылған арқарлар

1161 рет
көрсетілді

Жарықтық, түз тағысын аңғарып, ойға берілесіз, алыс­тан андағайлап бірде көрініп, бірде бұлтың етіп көз ұшында алыстай берді. Көк жонда бұлдыраң қаққан арқарлар. 

Жарықтық Қаратау ар­қарлары... «Негізі Тянь-Шань арқарынан өзгешелігі де сол болса керек, – дей­ді Қаратау қорығы ди­рек­­­то­рының орынбасары Шо­ра Жанатаев бір әңгі­ме­сін­де, – олардың өз­ге­ше­лігі мү­йіздері жуан әрі ора­лым­­­дары қысқа бұйраға кел­мейтіндей, аталықтары жыл­қы тектес болып келеді». 

Басқа арқарларды үйіріне жолатпайды. Қаратау ар­қарлары басқа таудың ар­қарларына қарағанда мү­йіздері қызғылт қоңыр болып келеді. Көктемде бәйшешек енді шыққанда бүр жарған шөпке жайылады. Осы жайлауды халық Тоңқайма деп атап кеткен. Сол жерде олар желге артын беріп бастарын көтермей жайылатын болған. Ақпан айының аяғынан бас­тап аталық пен аналық ар­қар­лар екіге бөлінеді. 

Ал жас аталық арқарлар топ ішінде аналықтарымен қалады. Құл­жалары тау басына биіктеп кетеді. Қаратау қорығына қарайтын Түркістан және Созақ аймағындағы бұл қорықтың Қаратау тауында мамандар бүгінгі санақ бойын­ша 365 бас арқар барын айтады. Оның құлжасы 160 бас, аналық басы 190, биылғы төлі 15 бас. Қорық ішіндегі Біресек өзенінің бастау жа­ғын­да Көкбел кезі үстінде құл­жалар сол жердегі қой тас­тар­ды жалайды. Содан барып күйіс қайырады. Ақсақалдар сол тастар құлжа бойына күш беретінін айтады. Бәлкім, алыстан болса да қой тас­тарды іздеп келетіні рас та шығар.

Ақсақалдар айтады: ар­қар­лардың аналығы егіз тууы өте сирек, ал ел аузын­дағы әңгімеде, егіз қозылары өте көп болатыны айтылады. Кім біледі, рас шығар... Қаратау етегінде андыздай ағылған ар­қарлар... Көріп қалсаңыз көз қуанады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ