• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 06 Желтоқсан, 2018

Талдықорғандағы турнирде Асылжан Бақытжанұлы бразилиялық Алвешпен айқасады

678 рет
көрсетілді

 

«Алаш Прайд» клубының ұйымдастыруымен 20 желтоқсанда Талдықорған қаласында ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнирдің ұйымдастырылатыны белгілі.

Осы жарыстың басты бәсекелерінің бірінде «Сақ» деген бүркеншік есіммен танылған Асылжан Бақытжанұлы айқас алаңына шығады. 93 кило салмақта күш сынасып жүрген қазақтың нар тұлғалы азаматы бұл күндері айшықты өнерімен көзге түсіп жүр. Осы күнге дейін 8 кездесу өткізген ол жеті рет жеңіске жетті. Тек биылғы жылдың мамыр айында Мәскеуде өткен АВС турнирінде қандасымыз ресейлік Мүсілім Магомедовтан ұтылды.

Күні кеше Асылжанның Талдықорғандағы турнирде кіммен айқасатыны белгілі болды. Қазақ жігітінің қарсыласы – Амилкар Алвеш. Бразилияның спортшысы осы күнге дейін октагонда 29 рет өнер көрсетіп, 13 бәсекені өз пайдасына шешті. Кезінде Алвеш әлемдегі ең белді ұйым – UFC-де бақ сынаған.           

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»