Қараша айының соңында Буэнос-Айрес қаласында өткен Дүниежүзілік лотерея саммитінде Қазақстанның ұлттық лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» әлемдегі ең беделді WLA (ескер. Дүниежүзілік лотерея қауымдастығы) салалық қауымдастығының Тұрақты мүшесі лауазымына ие болды. Жақында ғана отандық лотерея операторы ресми растаушы құжатты алды.
Дүниежүзілік лотерея қауымдастығының деректері бойынша, оның құрамына әлемнің 83 мемлекетінен 149 лотерея операторы кіреді. 2018 жылы кәсіподақ қатарына 5 жаңа мүше қабылданды, соның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық лотерея операторы «Сәтті Жұлдыз» да бар. Сонымен қатар 2 лотерея операторы қауымдастық құрамынан шығып кетті.
Дүниежүзілік лотерея қауымдастығының құрамына ену үшін негізгі талаптар төмендегідей:
– Жауапты ойын ережелеріне адалдық;
– Кірістің белгілі бір бөлігі әлеуметтік жауапкершілікке бағытталу керек;
– Лотерея ойындарын ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ашықтық пен ойнатылым кездейсоқтығының кепілі.
«Дүниежүзілік лотерея саммиті – бүкіл әлемнің лотерея саласы үшін ауқымды оқиға. Саммит 2 жылда 1 рет өткізіледі, бұл – салада көптеген өзгерістер орын алатын ұзақ уақыт кезеңі. Сол себептен Саммит жаңа технологияларды, тәсілдерді және өзгерістерді талқылаудың тамаша платформасы болып табылады», деп атап өтті «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның президенті Александр Тен.
Еске сала кететін болсақ, бұдан ертерек Ұлттық оператордың ойнатылымдарын өткізу адалдығын Еуропалық қауымдастық та растаған.