3-7 желтоқсан аралығында WorldSkills Kazakhstan төртінші чемпионаты өтті. Төрт күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен келген колледждердің 350-ден астам студенттері 30 түрлі мамандық бойынша жұмыс дағдылары деңгейімен сайысты. Байқау техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ашты.
Б. Сағынтаев еліміздің барлық өңірлерінен келген колледждердің студенттеріне сайысқа қатысқандары үшін алғыс білдіріп, барлық ұйымдастырушыларды, демеушілер мен қонақтарды республикалық чемпионаттың аяқталуымен құттықтады. Премьер-Министр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жуырда өткен кеңейтілген отырысында бизнес өкілдері шақыруды қабыл алып, келесі жылдан бастап WorldSkills Kazakhstan қауымдастығымен білікті кадрларды даярлау бойынша белсене жұмыс істейтінін хабарлады.
WorldSkills Kazakhstan чемпионатының басты мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің абыройын арттыру, жас жұмыскерлерге қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру.
Қазақстанның «World Skills» қозғалысына 2014 жылы қосылғаны атап өтілді. Соған қарамастан, айтуға тұрарлық нәтижелер бар. Егер 2015 жылы Сан-Паолода өткен WorldSkills Competition бірінші әлем чемпионатында қазақстандық команда 50-ші орында болса, 2017 жылы Абу-Дабиде өткен жарыста 24-ші орынды иеленді. Сонымен қоса, елімізде кәсіптік-техникалық және жоғары білімнің дамуы, бұл көрсеткіштерді одан әрі жақсарту үшін перспективалар ашып отыр.
Үздіксіз оқыту мен жаңа кәсіптерді игеру қажеттігіне ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс үрдістерінің технологиялық жаңаруымен байланысты. Осыған байланысты, Үкімет жұмыс берушілермен, шетелдік сарапшылармен бірлесіп құбылмалы еңбек нарығында отандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.
Қазақстан Премьер-Министрі бірқатар чемпионат қатысушыларының көрнекті жұмыстарын айрықша атап өтіп, жеңімпаздарға алты құзырет бойынша марапаттар тапсырды:
бизнеске арналған IT жобалар (3 орын - И. Абдулабаев, 2 орын - И. Чупрынин, 1 орын - М. Соколовский);
электроника (3 орын - А. Просецкий, 2 орын - О. Халимов, 1 орын - П. Фетисов);
веб-дизайн (3 орын - Н. Минеев, 2 орын - А. Мунько, 1 орын - И. Симанов);
графикалық дизайн (3 орын - Ф. Евдокимов, 2 орын - И. Медхатов, 1 орын - Д. Болат);
компьютерлік құрылымдау технологиясын қолданумен CAD инженерлік графикасы (3 орын - С. Жайлауов, 2 орын - О. Шатерников, 1 орын - Д. Зорин);
наубайхана ісі (3 орын - И. Бородулина, 2 орын - А. Марқабай, 1 орын - А. Аманғосова).
Марапаттау салтанатына сонымен қатар Парламент Сенатының депутаты Б. Әйтімова, Парламент Мәжілісінің депутаты Ж. Нұрманбетова, Премьер-Министрдің Орынбасары Е. Досаев, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және басқалары қатысты.
Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары 2019 жылы Қазанда өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстан атынан сайысқа түсетін болады.
Келесі құзыреттер бойынша жеңімпаздар марапатталды:
«Мехатроника» - А. Бетцольд, И. Раисов, А. Чукаловская, О. Лизогуб, Д. Карлюка, Б. Филипов;
«Станоктардағы токарлық жұмыстар» - Т. Орынов, И. Герасимов, Ю. Варавин;
«Дәнекерлеу технологиялары» - Ж. Элипбаев, М. Омар, М. Гусельников;
«Плиткамен қаптау» С. Дүйсенбеков, А. Баялы; Д. Тлебаев, И. Тұрғын.
«Шанақ жөндеу» — Қ. Естаев, Ж. Өмірзақов, Т. Махамбетов.
«Сантехника және жылыту» — Д. Искандаров.
«Электромонтаж» — Д. Шарыпов, А. Фрей, Н. Бегалы.
«Кірпіш қалау» — Д. Арал, Н. Аманжолов, Е. Ерғали.
«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» — В. Веселов, А. Оземский, Ж. Таубай.
«Сылау және декоративтік жұмыстар» — А. Сисенов, С. Өтеулиева, Б. Қаженов.
«Мобильді робототехника» — А. Поморзин, В. Любенко, А. Бейсенбай, Б. Бекетов, Н. Бура, Е. Охрименко.
«Шаштараз өнері» — Н. Нұрмұханова, Л. Упорова, О. Артықбай.
«Дизайн және киімді модельдеу» — Ж. Максут, Н. Титенко, А. Мүслім-би.
«Кондитерлік іс» — К. Қабиева, Э. Бәйметов, Т. Прусакова.
«Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» — К. Булат, Е. Бектан, О. Мрким.
«Аспаз ісі» — С. Токтарқанов, А. Свечкарь, А. Асылбеков, Ю. Гапонов, Б. Жандар.
«Мейрамхана сервисі» — А. Сарбасов, Е. Пиджакова, А. Перпелюков.
«Суыту және желдету техникасына қызмет көрсету» — А. Минаев.
«Желілік және жүйелік басқару» — А. Степанюк, Г. Лепетин, А. Шолох, Р. Әнуарбеков, Т. Баталина, А. Рудяков.
«Визуалді мерчендайзинг және витринистика» — Т. Антонова.
«Отель-ресепшионист» — Сервана Санаилова.
«Ауыл шаруашылығы машиналары мен трактор жөндеуші» — Н. Шыныбек.
«Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» — К. Огнев.
«Астық пен оның өңделген өнімдерінің сапасын анықтау» — Г. Еришева.
Іс-шара алаңында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр жаңа өнеркәсіптік революция жағдайларында бір мамандықты ғана емес, аралас кәсіптерді, сонымен қатар жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын оқып-үйрену аса қажеттігін атап өтті.
«Әрине, Қазақстанда жұмысшы мамандықтар қазір аса қажет. Еңбек жолын металлург ретінде бастап, жоғары жетістіктерге қол жеткізген өз тәжірибесін мысалға келтіре отырып, Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент, жаңа мемлекеттің құрушысы болғанын атап өтті. Ол өз үлгісін көрсетті. Жастар мұны өте жағымды қабылдайды және уақыт лебі бірнеше мамандықты игеру қажеттігін талап етіп отыр. Қазір бұрынғы жылдардағыдай, бір мамандықты игеру өмір бойы жетеді деудің қажеті жоқ. Әрине, кей жағдайдларда бұл дұрыс та болар, бірақ қазір жастар жаңа мамандықтарды игеріп, бүкіл өмір бойы оқығысы, өз кәсібі мен мүмкін, оған салалас кәсіптердердің жаңа мүмкіндіктерін меңгеруді қалайды. Қазір байқап отырғанымыздай, өнеркәсіпке жаңа мамандықтар керек: цифрландыру мен өнеркәсіптік кәсіпорындар дамып жатыр, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары да, басқа да көлік-логистикалық кешендер де жаңа кәсіптерді игеруге үндеп отыр. Жастардың мақсаты айқын, әрине, мұндай байқаулар өзінің болашақ мамандығын әлі таңдамағандарды жігерлендіреді», — деді Р. Скляр.
Өз кезегінде, шараны ұйымдастырушылар, оған қатысушылар және сарапшылар PrimeMinister.kz тілшілеріне байқаудың қандай деңгейде өткенін айтып берді және мұндай чемпионаттардың кадрлар даярлау сапасын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің оқытушысы, сарапшы Ақбар Тәшен «Жеңіл автомобильдер» құзыретінде байқауға қатысушылар ауыспалы беріліс қорабын құрастырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл өте қиын. Бірақ, қатысушылар өз ісін жақсы біледі, қазіргі техникаларды жақсы игерген.
«Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру - бұл үлкен жұмыс. Чемпионат өткізілген төрт жылдан бері Қазақстанда аса ауқымды жұмыстар атқарылған. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ әлі де істелуі керек істер бар, шеберлікті шыңдау қажет. Басқа елдердің, Азия және Еуропа елдерінің тәжірибесінен үйрену керек. «Жеңіл автомобильдер» құзыретінде байқауға қатысушылар ауыспалы беріліс қорабын құрастырды. Бұл өте қиын. Бірақ, қатысушылар өз ісін жақсы біледі, қазіргі техникаларды жақсы игерген», — деді А. Тәшен.
Алматы қаласынан келген техникалық делегат Қуатбек Әбілдинов байқаудың ұйымдастырушылық бөлігі қалай қалыптастырылғанын айтты. Ол қазақстандық чемпионаттың еуропалық стандарттар деңгейінде өткенін атап өтті.
«Бұл байқауда біз техникалық мәселелерді: рәсімдердің сақталуын, сарапшылар жұмысын, алаңдағы жұмысты ұйымдастырумен айналыстық. Біздің пікірімізше, чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Егер Будапеште өткен еуропалық чемпионатпен салыстырсақ, онда біздің чемпионат шамамен сондай деңгейде өтті. Қатысушыларға халықаралық стандарттар бойынша талаптар қойылды. Бағдарлама сондай-ақ Еуропа чемпионаты пен Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына сай келді. Тапсырмалардың бір бөлігі ТМД чемпионатының тапсырмаларына ұқсас болды. Әлем чемпионаттарының тәжірибесінде техникалық құзыреттер бойынша тапсырмалардың толық орныдалуы сирек кездеседі. Себебі, олар күрделі. Біздің чемпионатта көптеген қатысушылар өз тапсырмаларын толық аяқтай алғанына мен таңқалдым. Бұл тұста қатысушылардың өңірлерде психологиялық дайындықтан өтуі үлкен рөл ойнады деп ойлаймын. Чемпионатта мені таңқалдырған тағы бір жайт, қатысушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі, бір-біріне бәсекелес немесе қарсылас деп қарамауы болды. Олар араласып, тәжірибелерімен бөлісіп, білмегендерін бір-біріне көрсетіп жатты», — деді Қ. Әбілдинов.
Төреші, Түркістан облысынан келген техникалық делегат Айдос Аппазов Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру деңгейі көтеріліп келе жатқанын айтты.
«WorldSkills Kazakhstan жобасы Қазақстанның кәсіптік-техникалық білімінің имиджін көтеруге бағытталған. Міне, төртінші жыл біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген колледждердің шәкірттерінің осындай алаңда өз шеберліктерін қалай көрсетіп жүргеніне куә болып жүрміз. Бұл болашақта халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Мен екі құзыретке төреші болдым: мехатроника және электромонтаж. «Электромонтаж» құзіретінде қатысушылар көп болды да, бізге төрелік ету біраз қиынға түсті. Сонымен қатар, электромонтажда прибордың жұмысын реттейтін ұсақ бөлшектер өте көп. Бірақ біздің балалар оны да игерді. «Мехатроника» құзыретінде қасытушылар компьютерлік құрылғының көмегімен жұмыс істейтін тұтас станция құрауы тиіс еді. Бұл аса қызықты болды. Кәсіптіп-техникалық білім деңгейі көтеріліп келеді, жабдықтар да заманға сай, балалар халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалған», — деп санайды А. Аппазов.
Сарапшы, Кентау политехникалық колледжінің арнайы пәндер бойынша оқытушысы Нұржан Сыздықов мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға түсіп жатқан студенттерге көрсетіліп отырған қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Оқытушының айтуынша, жастар мұны сезініп отыр.
«Электромонтаж, электроника және робототехника модульдері бойынша студенттерді даярлау кезінде жауапкершілікі сезіледі, себебі студенттерге әлемдік стандарттардың талаптарына сай білім беру керек. Біз халықаралық стандарттарды ұстануға тырысамыз. Бүгінде студенттердің деңгейі біршама көтеріліп келеді, ал оқуды бітірген соң олар өз ісінің нағыз шебері болады. WorldSkills Kazakhstan студенттер үшін өз білімдерін тексерудің ең жоғарғы деңгейі болып табылады, біз үшін де бұл бағалау шығары, себебі, оқыту кезінде олармен бірге біз де үйренеміз. Бізде дуальді оқыту жүйесі бар, студенттердің 60%-дан астамы зауыттар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда тағылымдамадан өтеді, демек, өз дағдыларын едәуір арттырады. Біздің студенттер 3 курстан бастап оқи жүріп жұмыс істей бастайды. Бүгінде инженерлік мамандықтардың мәртебесі айтарлықтай жоғары көтерілгенін сенімді түрде айтуға болады, студенттердің басым бөлігі осындай кәсіптерді таңдауда, себебі, елімізде оған сұраныс бар, өзектілігі сезілуде, мемлектетің қолдауы да зор, жалақысы да бұрынғыдан жоғарлады», — деді Н. Сыздықов
«Бизнеске арналған АТ-жобалар» құзыретінің күміс жүлдегері Илья Чупрынин өз кезегінде чемпионаттың қалай өткенін және қатысушыларға қандай тапсырмалар берілгенін айтып берді.
«Байқау аясында біз әуежай жасап, әуежай жұмысын толық автоматтандырдық, яғни, бізге қолданушыларды, тапсырыстарды, бортсеріктер үшін есептерді және әрбір ұшуға қанша ресурс кетуі мүмкін екенін қабылдау керек болды. Сонымен қатар біз қосымша қызметтер мен рейстерді резервтеу үшін мобильдік қосмыша жасадық. Жобалар пайдаланыла алады, оларды толық аяқтау қажет. Бізге 3 сағатқа 6 тапсырма берілді. Жылдам жұмыс істедік. 10 адам болдық, бағдарламалау тілінде жұмыс істедік. Қазір студенттер бұл мамандықта оқуды батыл таңдай алады, өйткені мемлекет бағдарламаны ауыстырды. Біз ескі стандарттардан бас тартып, жаңа пәндерді тереңірек әрі сапалы оқимыз. Маған бәрі ұнайды», — деді И. Чупрынин.
«Бизнеске арналған АТ-жобалар» құзыретінің тағы бір қасытушысы, Қостанай қ. индустриялық-политехникалық колледждің 2 курсының студенті Артем Косаренко байқау тапсырмалары нарықтың жаңа сұраныстарына сай келгенін айтты, бұл чемпионатты кадрлар даярлау тұрғысынан аса пайдалы етті.
«Қазір мен есептеу техникасы және бағдарламалық қамту бойынша оқып жатырмын. Байқауда біздің тапсырмамыз ойдағы тапсырыс берушінің тапсырысын орындау болды, тапсырыс беруші фирма, әуе компаниясы еді, бізге ұшу, қону процестерін, билет сатып алу процесін атвоматтандыру керек болды. Техниктер мен программистер 21 ғасырда, жаңа технологиялар ғасырында қашанда сұранысқа ие болады», — деді өз әріптесін қолдаған А. Косаренко.
Кадрларды, әрі осындай алаңдарда даярлаудың маңыздылығы туралы «Станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреті бойынша жүлдегер Темірхан Орынов айтып берді.
«Мен бұл мамандықт ол біздің уақытымызда сұранысқа ие болған соң таңдадым. Бұл дағдыларды игерген соң өз қалауыңа сай келетін жұмысты табуға болады, оның үстіне, қазір бәрінің автоматтандырылған форматқа көшіп жатқаны ұнайды, себебі бұл жұмысты едәуір жеңілдетеді. Мұндай мамандықтар өте керек, мен жастарға таңдаған жұмысшы кәсібінде қолдау көрсету дұрыс деп санаймын. Болашақта бұл ел дамуына оң әсерін тигізетін болады», — деп өз пікірін білдірді Т. Орынов.
Жамбыл облысынан келген қатысушы Талғат Махамбетов «Шанақ жұмыстары» құзыретінде қатысуы туралы айтып берді және Қазақстанда осы жұмысшы мамандығының даму перспективалары туралы ойын жеткізді.
«Мұнда 30 кәсіп түрі мен 350 қатысушы болды. Менің кәсібім авто ісімен байланысты. Бізде байқауда 7 облыстан 7 қатысушы болды. Қазір бұл мамандық жоқ, бірақ бұл мамандық өте қажет. Бұл кәсім «Шанақ жұмыстарын сырлау» деп аталады, ол тек соңғы жылдары ене бастады. Бұрын мұндай кісіп туралы ешкім білмейтін, егер бұл кәсіп студенттердің қызығушылығын тудырса, мен қуанар еедім, себебі, нарықта мұндай мамандар жоқтың қасы. Ол нарық бос әрі ашық деуге болады, оның үстіне, қазір даму үшін, тіпті, өз ісіңмен айналысу үшін барлық жағдай бар», — деді Т. Махамбетов.
«Аспаз ісі» құзыреті бойынша алтын медаль иегері Аэлита Аманғосова байқау аясында Қазақстанның түрлі облыстарынан келген 14 адам 3 күн бойы түрлі тағамдар әзірлегенін аятты, олардың ішінде нан өнімдері мен қамыр әзірлеудің күрделірек техникалары болды.
Байқау туралы өз әсерлерімен жүлдегер, «Дизайн және киімді модельдеу» құзыреті бойынша алтын медаль иегері Арай Мүсілім-би де бөлісті .
«Мен Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжінде киім дизайнері құзыреті бойынша оқимын. Біз 14 қатысушы болдық және барлығы да жеңімпаз болуға лайықты болды. Жарыс кезінде көйлек тігу керек болды, бірақ оның технологиялық және конструкциялық қиындықтары бар еді. Бұл мамандық Қазақстанда аса қажет, біздің елімізге халықаралық нарықтарға шығу керек, бұл үшін барлық жағдайлар бар. Тек соны барынша қалап, оқу керек. Бұл қиын емес», — деді А. Мүсілім-би.
«Дизайн және киімді модельдеу» құзыреті бойынша чемпионаттың тағы бір қатысушысы Жанайым Мақсұт WorldSkills Kazakhstan жастар үшін зор мүмкіндіктер ашатынын айтты.
«Маған өз кәсібім өте ұнайды, бала кезімнен тігуді ұнататын едім. Бірінші модульде біз эскиздерін салдық, екіншісінде - көйлек тіктік, үшінші модульде - бүрмеледік. Қазақстандық жастардың мұндай, шынымен де қажетті әрі сұранысқа ие кәсіптерге тегін оқи алатыны керемет. Мен бұл жобаға қатысқаныма аса қуаныштымын. WorldSkills шынымен де жастар үшін зор мүмкіндіктер ашады», — деді Ж. Мақұст.
Семей қаласынан келген қатысушылардың бірі Әнуар Сарбасов чемпионаттың қызмет көрсету саласындағы әлемдік стандарттарды зерделеп, өз дағдыларының сапасын көтеруге мүмкіндік беретінін айтты, бұл еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді молайтады.
«Қазір Қазақстанда мейрамхана сервисі дамып жатыр және жеткілікті сұранысқа ие…. Болашақта өз мекемемді ашқым келеді. Бізде өте көп модуль болды, негізінен, ол даяшы, барист және бармен. Мен бұл дағдылардың бәрін көрсеттім. Мен еуропалық сервис дағдыларының бір бөлігін, сондай-ақ WorldSkills стандарттарын, әлемдік стандарттарды алдым. Бізге бәрін оқытады. Мен екі жыл дайындалдым», — деді Ә. Сарбасов.
30 түрлі жабдықталған секторлары бар алаңдарды жасау жұмыс істеп тұрған бизнестің қолдауының арқасында мүмкін болғанын айта кеткен жөн. Knauf компаниясының оқу орталығының басшысы Олег Сотников кәсіпорынның сарапшылық, техникалық қолдау көрсететінін және 2016 жылдан бері WorldSkills Kazakhstan жобасын ресми жеткізуші болып табылатынын айтты. Ол чемпионатқа материалдар ұсынады.
«Бірінші кезең құрғақ құрылыс бойынша жаңа мамандықты енгізу болды. Оқу орталықтарымен белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Компания Қазақстандағы оқу орындарының базасында Астана, Алматы, Қостанайда ресурстық орталықтар құрды. Сонымен қатар жаңа білімдер мен технологияларды игеруге ниетті оқу орындарымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің компания ең басынан, 2015 ж. бері чемпионатты өткізуге белсене атсалысып келе жатыр. 2018 ж. біз қатысушылардың деңгейі әлдқайда жоғары екенін көріп отырмыз. Оқу орындары қажетті білімдер мен құзыреттер алып, лайықты өнер көрсете алады. Келесі жылы Қазанда біз алғашқы үштіктің қатарынан көрінеміз деп үміттенемін», — деді О. Сотников.
FEST Group неміс компаниясының Орталық Азиядағы оқу бөлімшесінің директоры Станислав Куськов өз кезегінде чемпионат қатысушыларына қандай перспективалар ашылып отырғанын айтып берді. Компания соңғы үш жылдан бері «Мехатроника» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan қауымдастығымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
«Бірінші кезекте, біз KAZ Minerals, Қазмырыш, Қазақмыс тәрізді өнеркәсіптік кәсіпорындармен автоматтандыру саласында жұмыс істейміз. Біз кәсіпорындарда білікті мамандар халықаралық деңгейде болуы керектігін түсінеміз, және бұл жағдайда жарыстың демеушісі бола отырып, біз жабдықтарды да, халықаралық сертификаты бар бас сарапшы көмегін де ұсынамыз. Біз штатқа мехатроника бойынша жұмыскерлер аламыз, бүгін біз балаларды байыптадық. Бірақ біз мұндай балаларды өнеркәсіп үішн дайындаймыз. Біз бірінші кезекте, балаларды дайындаймыз, олар үшін осы компанияларда жұмыс істеу әлеуеті зор. Олар ертең кәсіпорындарға барады және халықаралық деңгейдегі мамандар болады», — деді С. Куськов.