• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2018

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

870 рет
көрсетілді

 

Қазақстаның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, аязды жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республикның батыс және оңтүстік аудандарда фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 17 м/с күшейеді.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.