• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2018

Өспен ауылының ардагерлері «Егемен Қазақстан» газетіне қонаққа келді

863 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елордаға киелі Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Өспен ауылынан келген бір топ ардагерлер қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде болып, редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты.

Меймандар бас басылымды қызыға оқитындарын жеткізіп, игі тілектерін айтты. Емен-жарқын кездесуде тариxтан бастап, ауылдағы мәселелерге дейінгі біраз дүниелер талқыланды.

Оқырмандар газетте көтерілген мәселелердің халықтың қолдауына ие болып жатқаны, тарихи - рухани жаңғыруға қатысты тақырыптардың көкейден шығатынын жеткізді.

«Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Д. Қыдырәлі басылымның қазіргі жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында, газеттің тарту-таралғысы жасалып, естелік суретке түсті.