• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2018

Ұлытау ауданында спорт нысандары салынады

597 рет
көрсетілді

Алдымыздағы жылы Ұлытау ауданында екі бірдей спорт нысаны бой көтермек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Қарағанды филиалында өткен брифингте аудан әкімі Әнуар Омар мәлімдеді.

Жалпы, Ұлытау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызға ие тоғыз нысан салу жоспарда бар. Бүгінде оның төртеуі іске асырылып, қалған бесеуінің құрылысы келер жылдың еншісіне қалдырылған. Олардың қатарында 50 орындық демалыс аумағының, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы  стадион құрылысы бар. Аталған жобалардың барлығы да демеушілер қаражатына салынады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы