• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2018

Астана терминалы жылына 5 миллионнан аса жолаушы қабылдай алады

342 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Жолдауында соңғы жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық ма­ңызы бар инфрақұрылым қалып­тасқанын, енді өңірлік және қала­лық инфрақұрылымды жү­йелі түрде дамытудың жөн екен­ін атап өткен болатын.

Жал­пы, еліміздің көлік-тран­зит­­тік әлеуетін нығайтуда және халықты жеделдікпен қам­та­масыз етуде, ішкі және сыртқы байланыстарды орнықтыруда әуе көлігінің де маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы орайда Қазақстан арқылы өтетін авиатасымалдау транзитінің дамуында тұрақты өсім бар екенін айта кеткен ләзім. Мәсе­лен, 2022 жылға қарай, елі­міз­дің аумағын басып өтетін ұшу­лардың саны 2011 жылғы дең­гей­мен салыстырғанда кемінде 1,5 есеге артады деп күтілуде. 

Әлемдегі ең жас елордалар­дың бірі саналатын Астана Еуразияның ірі іскерлік, мәдени және ғылыми хабына айналып келеді. Жаһан экономикасын­да жылдан-жылға жедел өр­кен­деп келе жатқан санатқа енетін Қазақ­станның әлеуметтік-эко­но­микалық даму жағдайы да елор­даның тұрғындары мен қонақ­т­арының өсіміне оң ықпал етіп отыр. 

Қазіргі Астана әуежайының өткізу мүмкіндігі 3,6 млн жолау­шыны құрай­ды. Бұл келешекте жолаушылар ағынын­дағы трафиктің өсіміне лайықты жауап бере алатын әлеует. Осы­ған байланыс­ты елорданың әуе қатынасындағы тұтыну­шы сұра­нысын қамтамасыз ету және ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесін өткізуге дайын­дық мақсатында «Нұрлы жол» мемлекет­тік бағ­дарл­амасы аясында астана­лық әуежайдың жаңа терминалы жобасы жүзеге асырылған болатын.

2017 жылдың 31 мамырын­да Мемлекет басшы­сы­ның қатысуымен Астана қаласын­дағы заманауи халықаралық терминал ашылғаны мәлім. Бұл терминал халықаралық рейс­терді қабылдауға арналып салынған болатын. 

Жаңа терминалдың жалпы ауданы халықаралық жолаушылар және VIP терминалын қоса алғанда 47 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда жолау­шыларды ұшаққа отырғызу жолағымен бірге әуе кемелеріне арналған 6 жаңа тұрақ және 4 автобусқа арналған шығу жолдары бар. Халықаралық талаптарға сай жаңа терминал аумағында заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылды. Сондай-ақ әуежайдың қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жоғары технологиялы жүйелер енгізілді. Терминалда елімізде алғаш рет жүкті өңдеудің заманауи жүйесі орнатылды. Бұл жүйе Еуроодақ талаптарына сәйкес келеді. Сонымен бірге сағатына 1200 дана жүкті өткізу қабілетіне ие. Жеке куәлікті тексеруге арналған 50 кабина жұмыс істейді. 27 тіркеу бағаны және 4 өзін өзі тіркеу бағаны қызмет көрсетеді.

Т1 терминалының жалпы өт­кізу мүм­кін­дігі жылына 5,2 млн жолаушыны құрайды.  

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»