Облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткен «Адал жол – Честный путь " атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген марафон өз мәресіне жетіп, қорытындысы жария етілді.
Акция 50 мыңнан астам адамды қамтып, 300-ге жуық іс-шара өткізілді. Оның қорытындысы бойынша адал еңбегі және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға қосқан зор үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттарымен Тимирязев ауданының құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Ботагөз Бектасова және Есіл ауданының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Вадим Краснощек марапатталды.
Аққайың, Есіл, Жамбыл аудандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге және өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін үздік деп танылды.
«БАҚ-та үздік жарияланғаны үшін» дипломдарымен Мамлют және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандар марапатталды. "Үздік автожарыс үшін" аталымына Айыртау және Қызылжар аудандары ие болды. Ақжар және Тайынша аудандары "Іске шығармашылық көзқарас" үшін марапатталды. Ал Петропавл қаласы мен Тимирязев ауданы "Үздік түсіндіру жұмысы" аталымын жеңіп алды. "Жұмысты ұйымдастырудағы креативті тәсіл" бойынша Шал Ақын, Уәлиханов және М. Жұмабаев атындағы аудандар үздік шықты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы