«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 20-дан астам техника мен 70-ке жуық құтқарушы жұмылдырылған.
Ел аузында кәсіпкерлігімен, меценаттығымен аты шыққан көпеске байланысты «Муратовтың диірмен» атанып кеткен көне ғимарат осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Сирек сәулет ескерткіші жақында ғана қалпына келтіріліп, жұртшылық дем алатын, көғңіл көтеретін орынға айналдырылған.
Бір бөлігінде түрлі кеңселер, ателье, салондар орналасқан. Қазір келтірілген залал мөлшері есептелуде.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы