• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2018

Бақытжан Сағынтаев бизнестің үздік өкілдерін марапаттады

387 рет
көрсетілді

Индустрияландыру күні шеңберіндегі жиында Премьер­-Министр Бақытжан Сағынтаев бизнестің үздік өкілдеріне тиісті сый-­сияпатын табыстады. 

Биыл Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары тізімінде «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы «СемАз» ЖШС, Алматы облысындағы «ALUGAL» ЖШС, Батыс Қазақстан облысындағы «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС марапатталса, «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «Радуга» ЖШС, Түркістан облысындағы «Бал Текстиль» ЖШС, Жамбыл облысындағы «Novacom Technology» ЖШС топ жарды.

Ал «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында үздік үштікке Астана қаласындағы «МЫРЗА-ХАН» ЖШС және «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы «БиКаДа» ЖШС марапатталды. Бұған қоса, «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша Алматы облысындағы «Рыбпром» ЖШС, Алматы қаласындағы «БИЖАН» ет өңдеу кешені» ЖШС, Ақмола облысындағы «Гормолзавод» ЖШС марапатқа ие болды.

Биыл Елбасының «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер ретінде 182 кәсіпорын қатысса, оның ішінде 78-і шағын кәсіпкерлік бойынша 76-сы орта ал, 28-і ірі кәсіпкерлік бойынша өтініш берген.

Жыл соңындағы айтулы марапаттардың бірі - «Қазақстанның үздік тауары» атағы. Биыл бұл байқауға қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен 1163 шағын, орта және ірі кәсіпорындардан өтініш түскен. Олардың ішінде 153-і республикалық кезеңге іріктелініп алынған.

Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар аталымын Алматы облысындағы «DOLCE» ЖШС және Шымкент қаласындағы «Зерде – Керамика» ЖШС, Қостанай облысындағы «Медидез» ҮЕҰ»ЖШС иеленсе, Халыққа арналған үздік тауарлар аталымына Ақтөбе облысындағы «West Line doors» ЖШС, Атырау облысындағы «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС және  Қызылорда облысындағы «Dalatex» ЖШС ие болды.  Сондай-ақ, Үздік азық - түлік тауарлары номинациясына Алматы облысындағы «Шин Лайн» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысындағы «ViZaVi Company» ЖШС және де Алматы облысындағы «Danone Berkut» ЖШС ие болды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»