• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Желтоқсан, 2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

678 рет
көрсетілді

Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қала әкімдігінің қолдауымен. Олар Наурызбай ауданының «Шұғыла» шағын ауданы және Жетісу ауданының «Құлагер» шағын ауданында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Мұндай орталықтарды ашу көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізушісі куәлігін ауыстыруға ниетті азаматтар санының өсу қажеттілігінен туындап отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтуынша, алғашқы мамандандырылған ХҚО ашылған аралықта, яғни 5 жыл ішінде автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есеге артқан. «Қала шекарасының кеңеюіне байланысты қала халқының саны бір жарым есеге өсті. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны да арта түскен. Тіркелетін транспорттың 50% өзге қалалардан келеді.  80% – Алматы, 20% – Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Салдарынан «Саялы» шағын ауданы мен Майлин көшесінде орналасқан мамандандырылған ХҚО жүктемесін арттырған.

Көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1мамандандырылған ХҚО-да жүргізілетін болады.

Жаңадан ашылған мамандандырылған ХҚО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын мониторингтен өткізу мақсатында ахуал орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистер жұмыс істейді. Тиісті құжаттар бір сағат ішінде рәсімделеді.

Бүгінге дейін электрондық үкімет порталы арқылы үш мыңнан астам көлік тіркеуге қойылды (Алматы қ.– 550), сондай-ақ 13 мыңға жуық азамат (Алматы қ.-1765) көлік жүргізушісі куәлігін жаңасына алмастырған.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ