• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Желтоқсан, 2018

Қымбат та қастерлі ұғым

460 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік – бүгінгі басты жетістігіміз. Сол үшін қанша ұрпақ күресті, қаншасы осы күрес жолында шахид болды. Қыршын кетті, жете алмады. Солардың бәрінің аққан қан, төккен тері жиырмасыншы ғасырдың соңына ала жеткен тәуелсіздігіміз үшін еді. 

Егемендік жолында айрықша ерлік көрсеткен өр рухты баба­лар­дың болмысын бүгінге жеткі­зіп, солардың абыройлы ісін жал­ғас­тыра білген Елбасының да ерен еңб­егін айта кеткеніміз жөн. Тә­уел­сіздік күні – ең қасиетті күн­­де­рі­міздің бірі. Ол қоғамдық сана­ның үлкен сілкінісінен, қазақ жұр­ты тәуелсіздіктен үміт үзе бас­таған шақта келді. Сонысымен де қым­бат, сонысымен де қастерлі, аяулы. 

Қазіргі менің замандастарым, әдебиеттегі, саясаттағы барлық қа­тар­ластарым егемендіктің қазы­ғын қағуға, буынын бекітуге, рәмізін әзірлеуге ар-ұждандарымен қыз­мет етті. Тікелей атсалысты. Сая­­си, әдеби элитаның халықтың ру­хын көтерудегі орындары ай­рық­ша. Ал халықтың еңбегі – дұрыс тіршілік етулерінде. Сая­саттағы бүгінгі үлкен буынның тәуел­сіз Қазақстанның алғашқы тәй-тәй басқан уақытында істе­ген жұмыстарын, қажырлы еңбек­те­рін жоғары бағалаймын, құрмет­теймін.

Егемендікке жетудің қиян кескі жолы, тауқыметті тарихы бар. Жа­зылғаны, жазылмағаны бар. Ол өз алдына даңғайыр тақырып. Ал сол тәуелсіздікті сақтай отырып, Мәңгілік Елге айналу да бүгінгі айқын мақсатымыз. Дамыған елдер­дің қатарына кіру үшін тек экономика емес, руханият та қажет. Экономикаң дамып, руханиятың ойсырап тұрса, ешқандай дамыған елдің қатарына кіре алмайсың. Елба­сының «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы міне осыны көздейді. Кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегі де сондай терең толғаныстан, үлкен сезіні­стен туған мақала. Әр қазақ­тың көкейінде өзі орындайтын мис­сиясы болуы керек. Әркім ын­та-шынтасымен хәлі жеткен­ше экономикаға, әдебиетке, мәде­ниет­ке үлес қосуы тиіс. Сонда ғана алға озамыз. 

Халықтың жүрегі, ойы, санасы егемендікпен бірге оянған. Әрине әлі де ұлттық сана толық ояна қой­ған жоқ. Бірақ осы ұмтылыс толас­тамауы керек. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деген үл­кен еңбегі осы жолда да зор сер­піліс болды. Жердің, елдің тарихы әлі де терең зерделеуді қажет етеді. Елбасының жасап беріп отыр­ған бағдарламалары арқылы сол олқы­лықтың бәрін толтыруы­мыз керек. Ал сол еңбектің бәрі де тәуел­сіздік үшін екенін бір сәт ес­тен шығара алмаймыз.

Тәуелсіздігіміз баянды болғай.

Әнес Сарай, 

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты