• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Хоккей 14 Желтоқсан, 2018

«Куньлунь РС» клубынан басым түсті

258 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барыс» командасы сырт алаңдағы кездесуін жеңіспен аяқтады. Бейжің қаласына сапар шеккен елорда командасы жер­гілікті «Куньлунь РС» клубын 1:4 есе­бімен тізе бүктірді.

Кездесуді белсенді бастаған «Барыс» хоккейшілері бірінші кезеңнің 14-минутында Мэттью Фрэттиннің арқасында есеп ашып, 0:1 нәтижесімен есепте алға шықты. Екінші кезеңнің 25-минутында мұзайдын иелерінен Войтек Вольский есепті теңестірген болатын. Дегенмен «Барыс» ойыншысы Антон Сагадеев 29-минутта қарсылас команда қақпасына екінші шайбаны соқты. Арадан бір минут өткенде Никита Михайлис мергендігімен көзге түсіп, командасының үшінші шайбасын салды. Үшінші кезеңнің аяқталар тұсында Виктор Сведберг «Куньлунь РС» командасының бос қалған қақпасына еш қиындықсыз гол салып, кездесудің нүктесін қойды. 

Бұл жеңістен соң елорда командасы 52 ұпаймен ҚХЛ-дің турнир кестесінде бесінші орынға мықтап жайғасты. «Барыс» келесі кездесуін Астанадағы «Барыс Арена» мұзайдынында Череповецтің «Северсталь» клубына қарсы өткізеді.

Әли БИТӨРЕ, 

«Егемен Қазақстан»