• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2012

Жәнібек тархан есімі Құрлық әскерлері әскери институтына берілсе дейміз

590 рет
көрсетілді

Жәнібек тархан есімі Құрлық әскерлері әскери институтына берілсе дейміз

Қазақ тарихында қасиетті де қастерлі «үлкен жетілік» бар. Бұлар ұлт тағдыры «Ақтабан шұбырындыға» түскен қилы заманда елдің елдігін, тұтастығын сақтап қалған нағыз алыптар. Атап айтар болсақ, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер мен солардың әрі үзеңгілес серіктері, әрі елдің қорғаны бола білген қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, шапырашты Наурызбай. Қазақстан егемендік алғаннан бері бұл алыптардың есімдері қайтадан жаңғырып, ұлттың шын мақтанышына айналды. Осы бабаларымыздың ішіндегі біздің бүгінгі айтайық, тоқталайық деп отырғанымыз Қошқарұлы Жәнібек және сол тұлғаға қатысты жайт.

 

Қазақ тарихында қасиетті де қастерлі «үлкен жетілік» бар. Бұлар ұлт тағдыры «Ақтабан шұбырындыға» түскен қилы заманда елдің елдігін, тұтастығын сақтап қалған нағыз алыптар. Атап айтар болсақ, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер мен солардың әрі үзеңгілес серіктері, әрі елдің қорғаны бола білген қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, шапырашты Наурызбай. Қазақстан егемендік алғаннан бері бұл алыптардың есімдері қайтадан жаңғырып, ұлттың шын мақтанышына айналды. Осы бабаларымыздың ішіндегі біздің бүгінгі айтайық, тоқталайық деп отырғанымыз Қошқарұлы Жәнібек және сол тұлғаға қатысты жайт. 

Шақшақ Жәнібек – қазақ тари­хындағы ұлы тұлға. Оған 2006 жылы Алматыдағы «Арыс» баспасынан республи­ка­­лық генералдар кеңесі қауым­дастығының төралқа төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Р.Е.Қайдаровтың басшы­лығымен шыққан «Генералы Қазахстана» атты кітаптағы деректер анық дәлел бола алады. Сонда: «Указ императрицы Елизаветы Петровны о присвоения звания тархана Шакшак Жанибек батыру был опубликован 26 августа 1742 года. Поэтому тархана Жанибека следует считать первым, признанным соседними народами, военным главнокомандующим казахского народа», – делінген. Иә, сөйтіп қазақ ұлтында халықаралық деңгейде мойындалған, заңдас­тырылған тұңғыш генерал пайда болды. Ол – Шақшақ Қош-қарұлы Жәнібек батыр.Жоғарыдағы кітаптың 18-бе-тінде белгілі орыс тарихшысы А.И.Левшиннің 1723 жылы: «Не будь Жанибека тархана, вся северная часть степи очутилась бы под копытами войска джунгарского хунтайчы Сыбана Рабтана», – деген сөзі де берілген.Жәнібек тарханның өмірі мен ұлтына сіңір­ген қызметі жайлы тарихшылар В.Бартольд, И.Крафт, В.­В.Вельяминов – Зернов, А.Андреев, И.Ф.Бларамберг, И.Рычков өз заманында тамсана жазып кеткен. Жәнібек Тархан жайлы ұлт тарихын біраз зерттеген Шоқан Уәлиханов бабамыз да оған өз ілтипатын біл­діреді. Сол заман тарихына зер салған адам тархан Жәнібек батыр­дың өзінің қалың қолымен 1728 жылы Бұланты өзенінің Сарысуға құяр тұсында, сондай-ақ 1730 жылы Балқаш көлінің маңын­дағы атақты Аңырақай шай­қасында жоңғар әскерлеріне ойсырата соққы бергендігі жайлы тайға таңба басылғандай жа­зылған. Мұны лайықты баға­лау­ға тұрарлық ерлік деп біле­міз.Бабамыздың міне, осындай еңбектерін ұмыт қалдыруға бола ма? Жоқ. Осыны мақсат еткен ынталы топ өкілдері Жәнібек Қошқарұлын лайықты тұғырына қондыру мақсатында республика Қорғаныс министр­лігіне қарасты Алматы қала­сындағы Құрлық әскерлері әскери институтына даңқты тар­­хан­ның есімін беру жөнінде ұсыныс жасады. Бұған Қор­ғаныс министрлігіндегі жауапты тұлғалар: «Ойларыңыз орын­ды екен. Бірақ мәселені шешетін Алматы қалалық оно­мас­тика басқармасы ғой. Соған, солардың төрелігіне жүгініңіз­дер», дегенді айтты.Дұрыс-ақ. Еліміздегі заң бойынша солай. Осыны басшылыққа алған ынталы топ өз ұсыныс­тарын Алматы қалалық әкім­дігінің ономас­тика басқар­масына жө­нелт­ті. Ол жерден нақты тын­дырылған іс туралы хабардың орнына ынталы топ жетекшісі Әуезхан Жүсіпов қарияның атына шақыру хат түсті. Жасы сексеннен асқан ардагер ақсақал Алматыға барып қайтуға ден­саулығы көтермейтіндіктен осы іспен айналысуды маған тапсырды. Содан үлкеннің аманатын арқалап басқарма бастығы Мамай Ахметовтің қабылдауында болдым. Сондағы естігендерім мынау: «Ұсыныс хат қазір қала­лық әкім­дікте жатыр. Атауларды өзгертуді біраз уақытқа кешіктіре тұру керек деп шешілген. Себебі, осы та­қылеттес 89 ұсыныс бар. Атауларға талас көп. Бірінің өті­нішін орын­дасаңыз, екіншісі рен­житіндері және белгілі», – деді басқарма бастығы. Өз уәжімді айтып едім, болмады. Істің таяу арада шешілмейтінін ұғып, шығып кетуге тура келді.Арада біраз уақыт өткен соң ынталы топтың жетекшісі Әуезхан Жүсіпов қария Алматы қалалық әкімдігіндегі азамат­тарға істің мән-жайын түсіндіру үшін Хамзин Жантемір деген жігітті жұмсады. Ол үлкен кісі­нің тапсырмасын айтуға арнайы бар­ған­да ондағы қызметкерлер: «Әскери институтты Қошқар­ұлы Жәні­бектің атымен атау Қорғаныс министрлігінің құзы­рын­дағы шаруа. Сондықтан ұсы­ныс­тары­ңыз­ды сол жаққа тапсырыңыздар», – депті.Жоғарыда айттық: «Ұсыныс­ты Алматы қалалық әкімді­гін­дегі ономастика басқар­масына тапсы­рың­ыздар», деген Қорға­ныс минис­трлігіндегі жауапты тұлғалар болатын. Енді келіп ол жерден: «Ұсынысты Қорға­ныс министр­лігіне тү­сіріңіз­­дер», деген сөзді ес­тіп отырмыз. Бұл қалай сонда?Сөзіміздің соңында мынаны айтқымыз келеді. Бұл күндері әлем мойын­даған, қарқынды даму арнасын­дағы гүлденген Қазақстан Респуб­лика­сының жер бетін­де болуы­ның өзі жоғарыда есімдері аталған, ұлт мақтанышы – Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер бас­та­ған «үлкен жетіліктің» ұрпаққа қалдырған бағасы өлшеусіз үлкен сыйы. Осы «үлкен жеті­ліктің» ішінде Шақшақ Қош­қар­ұлы Жәнібек тархан­ның есімі жетімсіреп тұрғандай.Мәселе дұрыс шешіледі деп сенеміз. Сондықтан да әкімдік­тегі, ономастика басқарма­сын­дағы жігіттерге өкпемен, ре­ніш­пен емес, үмітпен қарай­мыз.Жұмабек ЖАНДІЛДИН,журналист.