• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2012

Мемлекет тірегі

554 рет
көрсетілді

Мемлекет тірегі

Қазақстан Республикасын бүгінде күллі әлем мойындап, таныды. Оның халықаралық аренада үлкен беделге ие болуы, қыруар жетістіктерге жетуі ора­сан зор еңбек пен қажырлы қай­раттың, сабырлылық пен төзімділік­тің, бірлік пен ынтымақтың арқасы.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында қаншама қиын да күрделі кезеңдерді артта қалдырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ар­мандаған еркіндікке, ең басты бай­лығымыз – Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Егемен ел болып, еңсеміз кө­теріліп, жарқын болашаққа жол ашылып, қазақы болмысымыз бен салт-дәс­түріміз қайта жаңғырды.

Қазақстан Республикасын бүгінде күллі әлем мойындап, таныды. Оның халықаралық аренада үлкен беделге ие болуы, қыруар жетістіктерге жетуі ора­сан зор еңбек пен қажырлы қай­раттың, сабырлылық пен төзімділік­тің, бірлік пен ынтымақтың арқасы.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында қаншама қиын да күрделі кезеңдерді артта қалдырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ар­мандаған еркіндікке, ең басты бай­лығымыз – Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Егемен ел болып, еңсеміз кө­теріліп, жарқын болашаққа жол ашылып, қазақы болмысымыз бен салт-дәс­түріміз қайта жаңғырды. Осы тәуел­сіздігімізді айқындап, құқықтық не­гіз­де қамтамасыз ету мақсатында Қазақ­стан Республикасының алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданған болатын. Сонымен қатар, егеменді­гі­мізді нығайтып, еңсемізді түзеп, заманауи талаптарға сай бағытта даму жолында қосымша құқықтық тетіктерді жетілді­ру қажеттілігі туындады. Со­ның салдарынан Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық референдумында қа­был­­данған Конституциясы өмірге кел­ді. Қазіргі таңда саяси, әлеуметтік, эко­номикалық жетістік­тердің жаңа сатысына құқықтық негіз берген, тұрақ­тылық пен бейбітші­ліктің кепілі болып саналатын Ата Заңымыздан еліміздегі барлық болып жатқан өзгерістер, жаң­ғыртулар бастау алатыны сөзсіз.

Ал кез келген мемлекетте қоғам­дық-саяси қатынастардың барлығы да заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен реттеледі. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңдары тікелей Ата Заңнан бастау алатын­дығы баршамызға белгілі.

Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуының, бірлік пен ынты­мақтың, бейбітшілік пен достықтың кепілі. Сондықтан да Конституция кү­ніне ерекше назар аударылады. Конституция – біздің еркіндігіміздің негі­зі, бостандығымыздың нышаны және тәуелсіздігіміздің кепілі. Конституция қағидалары елімізді демократиялан­дыруға, экономикалық дамуға, өркен­деп өсуге, саяси тұрақтылыққа, бірлі­к­ке бастайды. 30 тамыз мемлекеттік мереке – Конституция күні деп жария­лан­ған. Бұл жай мереке емес, еркіндік­тің шашбауын көтерген, егемендігі­міздің құқықтық мәртебесін айқындап берген саяси мереке. Сол кезде, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылда­нып, оған қоса стратегиялық маңызды бағыттар айқындалып, бекітілген болатын.

Конституциямызда бекітілген құ­қық­тық нормалар мемлекетімізде тұ­рып жатқан қаншама ұлттар мен ұлыс­тардың бірлесіп, бір үйдің балаларындай еңбек етулері үшін жағдайлар жасайды. Өйткені, біздің еліміз азамат­тардың сөз бостандығы мен саяси құқық бостандығы айқындалған мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселе­ле­рiн демократиялық жолмен, республи­калық референдумда немесе заң шы­ғарушы билік болып саналатын Парламентте ашық дауыс беру арқылы шешуді көздейтін демократиялық, әлем­нің барлық дәстүрлі діндерін бір дастарқанға жинаған зайырлы, құқық­тық және тек халықтың игiлiгiн көз­дейтiн экономикалық даму қағидасын ұстанатын, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз, жаңа идеялары мен айтар сөзі бар егеменді мемлекет.

Ата Заң елдің құқықтық негіздерін, оның саяси, қоғамдық жүйесін ай­қындайды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын және республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ма­ңызды да басты құжат саяси тұрақ­тылық пен қоғамдық келісімді ны­ғайту арқылы әлеуметтік, экономика­лық дамуға жол ашты.

Конституция – мемлекеттің халық­аралық деңгейдегі құжаты. Оның бет пердесі, шынайы көрінісі деп айтсақ қателеспейтін шығармыз. Мәселен, Президент Жолдауын ха­лық­қа кеңінен түсіндіру мақсатында 2012 жыл­дың шілде-тамыз айларында Қы­зыл­орда облысында іссапарда болдым.

Кездесулерде халықты қатты тол­ғандырып жүрген көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтар болсам, жалпыға бірдей ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының қазіргі таңда қатты тозығы жетіп, сапасы сын көтермей­тіндігі сөз болып, ауыз су, жәрдем­ақы, ардагерлер туралы заң жобасына ұсыныс­тар енгізу сияқты мәселелер қамтылды.

Сонымен қатар, аудан орталығы­мен бірқатар елді мекендерді байла­ныс­тыратын автомобиль жолдарының жоқтығынан Лақалы, Отгон, Тасарық, Өркендеу, Аранды және Бекарыстан би-Майдакөл-Түктібаев-Қожабақы ауылдарының тұрғындары жол азабын тартып, қаншама қиындықтар көруде. Оған қоса осы өңірде шешімін таппай жатқан мәселелердің бірі ретінде бірқатар елді мекендерде халық ауыз суды уақытылы пайдалана алмай, су тапшылығын көріп отырғандықтары айтылды.

Атап айтқанда, су құбырлары пай­далануға берілген жылдан бастап осы күнге дейін күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілмей, тозығы жеткендігі анықталды. Жоспарланған қаржының уақытылы берілмеуіне бай­ланысты бү­­гінгі күні 7 мыңға жуық тұрғын ауыз су тапшылығын көріп отыр. Енді мұ­ның бәрін реттеу Президент Н.Ә.На­зарбаевтың «Қ­а­зақ­станның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қа­рай 20 қадам» атты бағдарла­масында айтылғандай, жақсы жұмыс істегенде ғана, жүзеге асыры­латындығы белгілі.

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы үшін сәтті де табысты жыл болды. Оның бір дәлелі ретінде, Қазақ­стан ұлттық құрамасының Лондонда өткен XXX Жазғы Олимпиялық ойын­дардан толағай жеңіспен оралуын айтуға болады. Спортшыларымыз ел мерейін асқақ­татып, Лондон төрінде Әнұранымыз­ды жеті рет шырқатып, көк байра­ғы­мызды жеңіс төрінде желбіретті. Бұл да біздің Қазақстан Республикасының халық­ара­лық аренада мақтан етер айтулы же­ңістерінің бірі болып табылады.

Осы спортшыларымыздың арасында елімізге жеңіс сыйлаған, Қы­зыл­орда облысының тумалары екі дүркін олимпияда чемпионы Илья Ильин мен Марина Вольнованы ерекше атап кеткім келіп отыр. Олар ел қоржы­нына баға жетпес алтын және қола медальдарды түсіріп, қазақ халқының мерейін үстем етті. Осындай ұлдары­мыз бен қызда­рымыздың ұлы жеңісі мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында елімізге үлкен сый болды.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»  деген қазақ даналығы, сондықтан да біз елдігіміз бен бірлігімізді, тәуел­сіздігіміз бен тұтастығымызды баянды ету жолында болашақ ұрпағымыз, жастарды патриоттыққа, ұлтжанды­лық­қа, адалдық пен адамгершілікке, ең­бек­ке тәрбиелеуіміз керек. Олардың бойына рухани құндылықтарымызбен қоса, егемендігіміздің қандай қиын­дық­пен келгендігін, оның маңызды­лығын сіңі­ре отырып, айтулы мереке Конституция күніне ерекше назар аударту қажет. Осының барлығын бойына сіңіріп, түсінген жастар келешекте еліміздің нағыз азаматтары болып жетіледі.

Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет ретінде алдымызда көптеген міндеттер тұрды. Солардың ішінде, ең басты міндеттердің бірі – тәуелсіз­дігімізді баянды ету, оны нығайту мен күшейту, құқықтық қамтамасыз ету болды. Өйткені, Кеңес дәуірі ыды­раған шақта ата-бабамыз аманат етіп қал­дырған баға жетпес мұраға ие болып қалу оңай шару емес еді.

Осы жолда қаншама қиын­дықтар болды. Атап айтқанда, басымыз бұғау­дан босап, тәуелділік пен жалтақтық­тан арылып шыққан еліміз­ді эконо­микалық, саяси, әлеуметтік дағдарыс­тар жан-жақтан қаумалап, күтіп тұр­ды. Бір сөзбен айтқанда, экономикамыз бен саясатымыз әлсіреген тұста көрінгеннің қолында кетуіміз ғажап емес еді. Бірақ осындай ауыр кезең­дерден Елбасымыздың арқасын­да мо­йымай шығып, бүгінде бәсекеге қабі­летті, өзіндік басқару жүйесі мен мә­дениеті қалыптасқан, әлем елдерінің қызы­ғушылығын оятып, аяғынан нық тұрған қуатты мемлекетке айналдық.

Осылардың барлығы да біздің тарихымызда алтын әріппен жазылып, ке­йінгі келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Қожахмет БАЙМАХАНОВ,

Парламент Сенатының депутаты,

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.