• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2018

Шымкенттік балалар үйінің тәрбиеленушілері Назарбаевтың мейріміне бөленді

567 рет
көрсетілді

Шымкент қаласына қарасты №4 Сайрам көмекші мектеп-интернатының балалары үшін бұл күн ерекше есте қалды. Себебі айтулы датада олар жүректеріне жылулық алып, қам көңілдеріне мейірім ұялатты. Дәл осы күні жасөскіндер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған Құттықтау хат пен сыйға тартқан отандық су жаңа автокөлікке ие болды.

Мемлекет басшысының Алғыс хаты мен бағалы сыйлығын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тәрбиеленушілер мен ұжымға арнайы барып табыс етті. Балалар Президенттің өздеріне арнап жазған хатын ерекше ықыласпен тыңдап, Ұлт Көшбасшысына алғыс айтты.

Естеріңізге салар болсақ, аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елтұтқамыз Нұрсұлтан Әбішұлына ұжымдық құттықтау мен өз қолдарымен жасалған өнер туындыларын жолдаған болатын. Шымкенттік балалардың хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы ризашылығын білдіріп, ыстық лебізін осылайша жеткізген еді.

Елбасы сәлемдемесін ала келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Сайрам тұрғын алабындағы балалар үйінің жеткіншектерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, спорттық киімдер сыйға тартты. Әрі олар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Аталған балалар үйінде 80 жасөспірім тәрбиеленуде. Олардың 26-сы тұл жетім болса, 54-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар. сондай-ақ мұнда туабітті кемістігі бар балаларды өнерге баулып, қоғамға бейімдейді. 30 жылдан бері балалар білім мен тәрбие алып жатқан бұл ғимарат 1916 жылы құрылған тарихи нысан болып саналады. Мұнда дәл қазір 210 оқушы тәрбиеленіп жатыр.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»