• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2018

Бізге өнімдерді қайта өңдеп, бағасын көтеру керек - Елбасы

419 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады. 

 Нұрсұлтан Назарбаев экономика үшін қайта өңдеудің маңызын түсіндіре келіп,оны дамыту керектігін айтты. 

«Бізге өнімдерді қайта өңдеп, бағасын көтеру керек. Бүгінгі таңда бидайды қайта өңдеудің мүмкіндіктері кең болғаны соншалық, одан тіпті мата өңдеп шығаруға болады. Яғни бізге бидайды емес, ең болмағанда ұнды, ұн өнімдерін сату керек. Сондықтан енді зауыттарды параллель салу арқылы қайта өңдеуге индустрияландыруды бағыттаймыз», деді Елбасы.