• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Желтоқсан, 2018

Елбасы: Болашақтың негізі жасанды интеллекте

396 рет
көрсетілді

 

Елбасы Республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жаңашылдыққа бетбұрыс арқылы жаңа белестер бағынатынын атап өтіп, бұған бар мүмкіндік жасалғанын айтып берді.

 

«Маған 5G қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Мысалы, Астанадағы xирург операцияны жүргізеді, ал пациент Қарағандыда. Елордадағы дәрігер қолындағы джойстикті айналдырған мезетте, ешқандай кешіктірусіз екінші аймаққа сол сәтте-ақ ақпарат жетіп барады. Болашақта бұл жылдамдықпен барлық ақпарат беріледі», дейді Президент.

Сонымен қатар жаһандық бәсекеге қабілетті арттыру мақсатында көптеген маңызды шаруларды қолға алынғанын жеткізді.

«Ең бастысы - әлемдік дамудан қалыс қалмау қажет. Астана қаржы орталығының ашылуы үлкен жаңашылдық болды. Алты стартап Еуропаның үздік 100 жоба қатарына ілікті. Мен барлық ынтасы бар жастардың жаңа дүние ойлап тауып, оны іске асыруы үшін зертхана беруді армандайтынмын. Әсіресе, медицина саласында болатын жаңа дүниелер мені қатты таң қалдырды. Бүгінде киберқауіпсіздік ­– өте маңызды мәселе. Вирустар банк жүйесі мен мемлекеттік органдардың компьютеріне еніп жатады. Биыл Астана мен Алматыны қорғайтын жұмыстар атқарылуда. Келесі жылы басқа да аймақтарда тәжірибені кеңейтіп, одан әрі дамытамыз», деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы болашақтың негізі жасанды интеллекте екеніне тоқталып, оны Қазақстан дұрыс пайдалануы тиіс екенін жеткізді.