• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2018

Қазақстан Республикасы бойынша 2019 жылдың қаңтарына арналған консультациялық ауа райы болжамы

993 рет
көрсетілді

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі, деп хабарлайды Казгидромет.

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі.

Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағнасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы:

түнде 2...7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 дейін аязды құрайды.

Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші декаданың басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.